Сабақтың тақырыбы Кері итеруші күш. Архимед заңы



бет3/6
Дата22.01.2023
өлшемі1,14 Mb.
#62245
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
НОДИРААААААААААА (копия)

Кейс бойынша сұрақтар:
1.Қалай ойлайсыңдар, балалардың қайсысы дұрыс айтты?
Сен олардың біреуінің көзқарасын қолдар ма едің?Неліктен?
2. Сен кемені қай материалдан жасар едің? Неліктен?
3. Нағыз кемелер неге батып кетпейтінін білесің бе?

Дәптерге жазу : «Кері итеруші күш дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланысты болады» Мұны формула түрінде былай өрнектеп жазамыз:
FА=Vдене*pсұйық*g Бұл Архимед күші деп аталады.

Бағалау критерийі

Дискриптор:

Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіне біледі.

Кері итеруші күштің табиғатын зерттеуде тәжірибелер жасай алады.

Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екенін түсінеді.

Дененің көлеміне байланысты екенін біледі.

Дененің тығыздығына тәуелді емес екенін біледі.




Сұйықтың тығыздығына байланысты екенін біледі

Жұптық жұмыс: Сиқырлы конверт тапсырмасы:
А№1. Көлемдері бірдей темір және шыны щариктерді суға батырсақ, кері итеруші күштер бірдей әсер ете ме? В: №2. Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3 С: №3. Ағаштың суға батып тұрған бөлігіне 18,6 Н Архимед күші әсер етеді. Осы ағаштың суға батқан бөлігінің көлемі қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет