Сабақтың тақырыбы Кері итеруші күш. Архимед заңы



бет4/6
Дата22.01.2023
өлшемі1,14 Mb.
#62245
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
НОДИРААААААААААА (копия)

Бағалау критерийі

Дискриптор:

Архимед заңының формуласын есептер шығаруда қолдана біледі.

Есеп мазмұнын түсініп, шартын жаза алады.

Өлшем бірліктерін ХБЖ-ға келтіре алады

Есептерді шығару кезінде формуланы тиімді пайдаланады

Математикалық есептеулері дұрыс

Жеке жұмыс: «Физикалық диктант»
Сұйыққа (газға) батырылған денелерге АРХИМЕД КҮШІ әсер етеді.
· Архимед күші ЖОҒАРЫ бағытталған.
· Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ айырмасына тең.
· Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең. · Архимед заңы мына түрде жазылады: FА = ρс*g*Vд
· Архимед заңы арқылы суда кемелер ЖҮЗЕДІ. ФБ Мадақтау арқылы «Өте жақсы», «Жарайсың», Қол шапалақтау
Сапалық және эксперименттік есептер:
1. Ауада әрең көтеретін тасты су астында неге оп-оңай көтереміз?Мысалы: құдықтағы шелек су астында жеңіл де, ал көтере бастаған сайын ауырлай түседі. Неліктен?
2. Екі ыдыс алып біреуіне тұщы су және тұзды су құйып, жұмыртқа салайық, сол кездегі құбылысты түсіндір.
3. Бірдей бес ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, төртіншісі сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп, ең аз, бірдей қысым түсіреді?
Дұрыс жауаптарымен салыстырып өзін-өзі бағалайды.
ФБ: «Шапалақ» әдісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет