Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Қазанғап кедей. Кендебайдың өмірге келуі. №2-сабақ.
Бөлім:
Таза, мінсіз асыл сөз
Педагогтің аты-жөні:
Мухадес Айсәуле Болатжанқызы
Күні:
Сыныбы: 5
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Қазанғап кедей. Кендебайдың өмірге келуі.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
5.А/И1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын аша алады.
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді таба алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.