Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай»



бет1/22
Дата02.06.2023
өлшемі293,29 Kb.
#97980
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
5 сынып әдебиет 1-тоқсан (1) (копия)


Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі.
1-сабақ.

Бөлім:

Таза, мінсіз асыл сөз

Педагогтің аты-жөні:

Мухадес Айсәуле Болатжанқызы

Күні:




Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда)
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі туралы естігенсің бе?

Қысқаша мазмұны қандай?


Қай ғасырда өмір сүрген кейіпкер туралы?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет