Сабақтың тақырыбы Кестелік деректерді графикалық ұсыну Оқу мақсаттары



Дата10.04.2023
өлшемі296,34 Kb.
#81086
түріСабақ



Бөлім: 7.2А: Электрондық кесте көмегімен тапсырмаладарды шешу

Мектеп: Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі

Күні: 02.12.2021

Машықтанушы: Мадиева Бекзат

Сынып: 7 «а»
Оқу жылы: 2021-2022

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кестелік деректерді графикалық ұсыну

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

7.2.2.3 – электрондық кестемен диаграмма жасау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Диаграмма түрлерін білу;
Көпшілігі : Диаграмманы құра алу;
Кейбіреуі: Диаграмманы электрондық кестеде тұрғызу

Бағалау критерийі



  • Диаграммалар түрлерін біледі

  • Диаграмманы құра алады;

  • Диаграмманы электрондық кестеде тұрғыза алады;

Тілдік мақсаттар



Пәнге тән арнайы лексика және терминология
Диаграмма- Диаграмма- Diagram
Мәндер қосу – Добавить значения – add values
Диолог/жазылым үшін қажетті сөз тіркесі:
Диаграмма дегеніміз .......
Диаграмманың типтері .......
Диаграмманы құру үшін .........

Құндылықтарға баулу

- жұптық, топтық, ұжымдық әрекетте ынтымақтастық , құрмет құндылықтарын қалыптастыру;
- оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту;

Сабақтың барысы

Уақыт /сабақ кезеңдері

Машықтанушы әрекеті



Білім алушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар
Саралау тәсілдері

Сабақтың басы
2- мин

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Сыныпқа жағымды ахуал орнату.



Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:
1.Шартты форматтау дегеніміз не?
2.Шартты форматтау қандай мақсатта қолданылады?

Білім алушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады.

Білім алушылар сұрақтарға жауап береді.





ҚБ. Ауызша мадақтау «Жарайсыздар»




СТ Диалог және мадақтау

Сабақтың ортасы


15- мин

5-мин


10- мин


Сабақтың соңы


10- мин
3 мин



Диаграмма – сандық ақпаратты көрнекі (графикалық) түрде ұсыну.
Диаграммалардың келесі типтері кездеседі:

  • Гистограмма;

  • Сызба;

  • Дөңгелек;

  • Жолақ;

  • Аумақтық;

  • Нүктелік;

  • Биржалық;

  • Беттік;

  • Жапырақтық;

  • Аралас;

Диаграмманың әрбір типі түрге бөлінеді. Мысалы:
- Топтық гистограмма. Мұнда категориялар бойынша мәндерді салыстыру көрсетіледі;
- Жинақталған гистограмма.Мұнда мәндердің жалпы қосындысына әрбір мәннің үлесі енгізіледі;
- Нормаланған жинақтаушы гистограмма. Мұнда мәндердің жалпы қосындысына енетін әрбір мәннің пайыздық үлесі көрсетіледі;

1.Диаграмма құру үшін А2: Н5 ұяшықтарының диапазоның белгілеп, Диаграмма бөлігінен гистограмма түрін таңдаңдар.


2. Сонда диаграмма шығады.
Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген
батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады.
Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаймыз:
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
2. Вставка → Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі
Диаграммалар шебері ---------- батырмасын шертеміз.
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
2. Вставка → Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі
Диаграммалар шебері ---------- батырмасын шертеміз.

  1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз;

  2. Вставка – Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі Диаграммалар шебері ----- батырмасын шертеміз;

Диаграмманы ерекшелегеннен кейін онымен жұмыс істеуге арналған қосымша беттер ашылады: Конструктор және Макет ашылады.
Диаграммаға түрлі параметрлерді енгізу қажет, олар: тақырып аты, өсі, тор сызығы, аңыз (легенда), мәліметтер таңбасы, сандық мәліметтерді және мәліметтер кестесін қосу
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
2. Вставка → Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі
Диаграммалар шебері ---------- батырмасын шертеміз.
Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз (легенда) сияқты элементтері бар.
Тапысрама-1:
Сөзжұмбақ:
1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
5. Диаграмма осі. (вертикаль)
6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)

Дескриптор:

  1. Диаграмма типтерін ажырата алады . (1)

Білім алушылар жаңа материалды түсінеді.

Білім алушылар сөзжұмбақты шешеді.



ҚБ. Ауызша мадақтау «Жарайсыздар»


ҚБ. Ауызша мадақтау «Жарайсыздар»






СТ Диалог және мадақтау

Таратпа қағаздар.



Тапсырма – 2:
Автотолтыру әдісін қолдану арқылы формуланы Е3:Е9 ұяшықтар аралығына орналастырамыз.

Дескриптор:

  1. Диаграмма құра алады (2)




Білім алушылар диаграмма құрады.

ҚБ. Ауызша мадақтау «Жарайсыздар»


Нэтбук
СТ Қарқын,
Диолог және қолдау көрсету

Тапсырма – 3:
«Алгебра» мен «Физика» пәндерінің тоқсандық қортындысын жасауда осындай диаграмма түрін қолдан.

Дескриптор:

  1. Сақиналық диаграмма құрады (2)

Рефлексия:


Біілім алушылар сақиналық диаграмма құра алады.

ҚБ. Ауызша мадақтау «Жарайсыздар»


Нэтбук

Әдіскердің қолы: Хайруллин И.М.


Мұғалімнің қолы: Күленбаев А.Т.
Баға:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет