Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы Сабақтың мақсаты


Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. «Ғақлия



бет10/57
Дата17.10.2022
өлшемі236,51 Kb.
#43691
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Байланысты:
Абайтану қмж

Қарасөзарабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. «Ғақлия» — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.


ІV Топтық жұмыс.
1-топ. Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз — Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы — сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқа да қазақ ағартушылары сияқты — байлықтың, молшылықтың көзі — деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады.
«Қартайдық, қайғы ойладық ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан,
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман — деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады.
Абай даналығы «еңбек ет — мал тап» деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді — деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған
Би болған, болыс болған өнер емес
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған… деп, өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
Еңбегіңді сат, арыңды сатпа,
Арың таза болсын, сонда ғана сен адамсың ,- дейді.
«Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретінінің басты себебі – жұмысының жоқтығы»,- десе,
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын,- дейді. Осыны оқи отыра ұлы Абайдың көптеген сөздерінің нақылға айналып, күні бүгінге дейін мәнін жоймағанына таң қаласың.
Абай қырық төртінші сөзінде: “Адам баласының ең жаманы — талапсызы”, дейді. Не нәрсеге болса да, талап ету міндет, мақсат адал ниет пен талапта.
Талаптың өз шарттары бар:
1. Ғылымға ең алдымен берік ынта, білмегенді біле беруге құмарлық, махаббат керек.
2. Ғылымнан ақиқат табу мақсатын қою. Өз айтқанымды ғана болдырам деп, ғылымға қол созба.
3. Ғылымда салғырттықтан, еріншектіктен сақ бол. Білгендеріңді іске асыруың керек. Ол үшін еңбек етуің керек.
4. Ғылым-білімде ұстамдылық қажет, ақыл-ойдың, мінездің беріктігі керек, ол үшін қайрат керек.
Талаптың ішіндегі ең зоры – бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Абайдың түсіндіруінше, талапсыздықтың түрлері – ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. Абай «талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалының текке айтылмағаны туралы ой қозғайды.

2-топ. Абай өзі жасында ғылым оқи алмай қалғанын арман етіп жазған өлеңі:


Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Осы өзінің өкінгендігінен балаларын орыс мектебіне оқуға береді. Ол баласын мақтан етсін, мал тапсын деп емес, бір ғана ғылым үшін бергенін…
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,- дейді. Алдына мақсат қойған адам түбінде бір сол мақсатына жететініне сенеді.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз, — дейді. Ғылымның қажеттілігіне көз жеткізу үшін оның тигізер пайдасын да қалдырмай айтады.
Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз
Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге,
Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге, - дейді.
Абай ел билеу ісіне ерте араласып, халықтың мұң-мұқтажын көре білді. Ол қазақтың ақылшысы, ұстазы, досы, ар-ынсабының әділ таразысы бола білді. Абайдың:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла…» Деген өлеңін түсіну үшін Абайды терең оқып, білу қажет.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз…
Надандарға бой бермей,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
«Жол көрмек, жоба білмек, жиhан кезбек» өлеңінде:
Ниетің түзу болса, сенің аппақ,
Екі елі азыңа қойсаң қақпақ
Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп,
Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ, — дейді.

1-топ: Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық -тәрбиелік туындыларында да, қара сөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.


Ол он же¬тінші сөзінде: “Адамның адам¬гершілігі неден құралады де¬генде – қайрат, ақыл, жүрек” – үшеуін айтып, ғылымға жү¬гін¬діреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші – жүрек¬тің сезгіштігі. Мұның өзі көре¬гендік екендігін түсіну қиын емес.
Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. Бастапқы екеу соңғысыз Біте қалса қазаққа, Алдың-жалын, артың-мұз, Барар едің қай жаққа? — дейді ақын »Әсемпаз болма әрнеге» деп басталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.
Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы, (»ақыл-мизан, өлшеу қыл») дүниенің сырын танып білуде адамгершіліктің, ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек».
Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған.
Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып-түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. »Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек» дегенде Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп, ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай »суық ақыл» мен »ыстық жүрек» бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
Абай:
“Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз”, деп жаман қылықтардан аулақ болуды, ал:
“Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой”, деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ақын адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен құтылып, шындықпен, ақиқатпен өмір сүру керек деген терең тұжырым жасайды. Адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ең жағымсызы — еріншектік. Надандық білімсіздіктен, сауатсыздықтан туындаса, еріншектік адамның талапсыздығынан, жігерсіздігінен, енжарлығынан пайда болатын қылық. Еріншектік – дүниедегі күллі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Осыларды қорытындылай келе, Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар: содан қашпақ керек. Ол: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Абай осы үшеуін жоюдың емі- ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өз шығармаларында осы үшеуін дәріптеп, өсиет етті. Ақын адамдар арасындағы береке – бірлік, достық, ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі.


2-топ. Досыңа достық қарыз іс
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым, — деп, нағыз адам әрқашан өткен-кеткеніне қорытынды жасап, өмірге сын көзімен ой жүгірте, келешекке үлкен сеніммен қарауы керек деген тұжырым жасайды. Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан «Өзін-өзі тану» пәні мен Селевконың «Өзіңді-өзің жетілдір» бағдарламасы оқушыларға ой тастап, адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпалын тигізеді.
Абайдың он тоғызыншы “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін еске-ріп жүрген кісі өзі де есті бо¬лады”, деген сөзін негізге ала отырып, әр адам өсіп жетілген¬нен кейін білім, тәрбие арқылы дүниетанымын дамытып, мектеп қабырғасында-ақ әр оқушы өз ойын, өз көзқара¬сын жеткізе білуі қажет.
Халық қамын ойлаған Абай алдымен бірлікке шақырады:
«Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос.» талдау
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса жарайды, қылса, сұхбат.
Кемді күн, қызық дәурен, тату өткіз
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз
Бір жерде бірің жүрсең, басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле, сөзің тосып, — дейді. Кейбір құрбылардың достығын былай деп сынайды.
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату
Тілегі, жақындығы, бәрі сату, — деп, жолдастықтың қадіріне жете алмай жүрген жастарды айтады да,
Аямай жанын дос берер,
Жолдастықты ақтаса, — деп, адал достыққа шақырады.
Осындай ойларын «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген өлеңінде де білдіреді. Ақын 1 сөз үшін жау болып, 1 сөз үшін дос болып, 40 құбылып жүретін адамдарды өткір тілмен әшкерелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет