Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Даниэл Дефо портреті,
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.
2. «Балықшы мен балық » ертегі мазмұнын айту.
ІІІ. Білім тексеру:
Портрет деген не?
Кейіптеу деген не?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ағылшын жазушысы Даниэл Дефо «Робинзон Крузо» деп аталатын жалғыз романымен – ақ әлемге әйгілі болды. Өйткені ұлы мұхиттың бір түкпіріндегі бұрын – соңды адам баласы аяқ басып көрмеген аралдағы жалғыз жанның жанкешті тірлігі кімді болсын қайран қалдырады. Робинзон Крузоның өмір сүру үшін жасаған айла – шарғысы оқушы жігерін жанып, қайратын қайрай түседі.
Кеме теңізде апатқа ұшырап, жалғыз өзі белгісіз аралға шығып қалған Робинзонның 28 жыл бойы жалғыздықтың жапасын шеккен өмірі шытырман оқиғалы. Сондықтан Даниэл Дефоның «Робинзон Крузо» романы әлем әдебиетінің ең озық үлгілерінің біріне айналды.
Бұл кітап – «Мәңгілік кітаптар» қорына енген, дүние жүзіне мәлім шығарма. Сендерге оқуға ұсынылып отырған үзіндіде тек қана бір жылға жуық өміріндегі кездескен қиындықтарын көрсету арқылы адам адам рухының мықтылығын, сол жалғыздықтың қасіретін қандай жолмен жеңе білгенін, қажырлы еңбек ету жайларынан хабар беру мақсат етілді. Балалар, бұл кітап кітапханалардың бәрінде бар. Әрине қызыға оқитындарың сөзсіз.
2.«Робинзон Крузо» романын бөлімдерге бөліп, ат қою, жоспарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |