Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет140/147
Дата24.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#26321
түріСабақ
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   147
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қ. Ахметова өмірбаянына қысқаша мағлұмат беру.



  1. Шығармаларына шолу жасау.

  2. «Менің қазағым» өлеңінің мән –мағынасын ашып мәнерлеп оқу.

Тақтаға ұйқасы жағынан бір біріне ұқсамайтын өлең шумағы жазылған плакаттар кезек ілініп, ұйқас түрлерін оқушыларға анықтатамыз.

1 плакат

Бір жерде тұрлау таппаған, а

Қосылмай малы қаптаған, а

Бөлініп қонған қазақты ә

Кімдер де кімдер шаппаған?! а



  1. Мәнерлеп оқылады.

  2. Шумақ ішінде қандай тармақтар өзара ұйқасып тұрғанын анықтайды.

  3. Бір – бірімен ұйқасып тұрған тармақтар бірыңғай әріппен шартты түрде белгіленеді, ұйқастан бос тұрған тармақ басқа әріппен белгіленеді: а,а,ә,а –қара өлең ұйқасы деп аталатынын еске түсіреді.

2 плакат

Толқимын – дағы тоқталам, а

Тоқталмай кімдер өтті аман? ә

Ардағын қимай қазақтар б

Қай жерде күмбез соқпаған?! ә

Жоғарыда жүргізілген тәртіппен Күләштің бұл өлеңі кезекті ұйқасқа жататынын оқушылар еске түсіреді.

3 плакат

Аударып жұрттың назарын, а

Бардың да көрген базарын, а

Жоқтың да көрген азабын а

Даладай дана қазағым. ә

а,а,а,ә – шұбыртпалы ұйқас

Оқушыларға Күләштің өлеңінде кездесетін осы ұйқастар бар екенін түсіндіре отырып, шұбыртпалы өлең ұйқасы, кезекті ұйқас, қара өлең ұйқасы жалпы қазақ ақындары қолданатын дәстүрлі ұйқас екенін айта кетуіміз керек.

Сонымен қатар Күләш өлеңдерінде қазақ өлеңдерінің дағдылы түрінен басқарақ кездесетін ұйқас түрлерінің бар екенін, ол ақынның өзіндік ерекшелігі болып табылатындығын айта кетуіміз керек.

Сол сияқты экранға ұйқасқа мысал ретінде кадоскоппен қалған өлең шумақтары түсіріліп, оқушыларды шығармашылық ізденіске түсіреміз. Балалар назарына «Ұйқас түрлері» деген ұсынылып, дәптерлеріне түсіріледі. Міне, Күләш өлеңдерінің құрылысын меңгеру оның ұйқас түрлерін білуден басталады. Жаңа материалдың негізгі мәселесін екі қайтара дәлелдеме арқылы игеріп болған соң, енді өлеңнің шумақ және буын өлшемі туралы ұғымдар өз алдына бөлек ұсынылады. Сонда бала тақырыпты жеңіл қабылдап, сабақтың айқындылығы артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет