VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1.Сымайыл өмірге қалай келді?
2.Сараның қызғаныш сезімін айт.
3.Ибраһимнің Сара өтінішін Алла өміріндей орындауы не себепті?
4.Ажар ананың зарын әңгімеле.
5.Алланың шексіз мейірімі туралы ойлан.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқушылардың ойларын дәлелдеу:
Әңгіме аты
|
Қазақ әдебиетінің түрі
|
Бастапқы кейіпкер
|
Жағымсыз кейіпкер
|
Жағымды кейіпкер
|
Ортақ қасиеттері
|
Сымайыл, Зәмзәм
|
Аңыз әңгіме
|
|
|
|
|
|
|
|
Қандай адам?
|
Қандай адам?
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар таблицаны ойлана отырып толтырады және дәптерлеріне жазады.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Сымайыл, Зәмзәм туралы оқу.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІ
Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың әдеби ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегілердің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегілер деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады.
Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтылады. әдеби ертегілерде еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүйюді, биік адамгершілікті, әділетті болуды уағыздайды. Мысалы: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.
Ақын жазушылар кейде қызықты ертегілерді балаларға арнап әдейілеп те жазады. Олар да әдеби ертегілерге жатады. Мысалы: М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» ертегісі.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
1.Әдеби ертегілер деген не?
2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Венн диаграммасы бойынша әдеби ертегілердің басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын табу.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы
Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |