Ethernet IEEE 802.3. стандарты CSMA/CD (carrier-sense multiple access/collision detection) тарату ортасына рұқсат әдісін – тасушыны табуы бар көптік рұқсатын қолданады. Мәліметті тарату алдында Ethernet желілік адаптері тарату ортасын «тыңдайды». Егер орта тарату кезінде біреумен қолданылса, адаптер таратуды кідіртеді, егер жоқ болса, таратуды бастайды. Егер екі адаптер желілік трафикті алдын-ала тыңдап, «тыныштықты» байқап, таратуды бір уақытта бастаса, кадрлардың соқтығысуы (коллизия) болады. Адаптер коллизияны байқаған соң екі тарату да үзіледі де, адаптер арнаны тыңдаған соң таратуды кездейсоқ уақыттан соң қайталайды. Тарататын станса үшін CSMA/CD алгоритмінің негізгі ережелерін келтірейік. Кадртарату: Таратуды ұйғарған станса ортаны тыңдайды. Егер орта бос болса, таратады. Қарсы болған жағдайда (яғни орта бос емес) 2 қадамға көшеді. Бірнеше кадрды бір уақытта таратқанда, кадрларды жіберулер арасында белгілі бір паузаны ұстанады – әр паузадан кейін келесі кадрды тарату алдында ортаны тыңдау жүретін кадраралық интервал (1 қадамының басына оралады).
Егер орта бос болмаса, станса орта бос болғанға дейін ортаны тыңдауды жалғастыра береді, содан соң бірден таратуды бастайды.
Таратуды жүргізіп жатқан әрбір станса ортаны тыңдайды, коллизия байқаған жағдайда таратуды бірден тоқтатпайды, ал бірінші коллизияның қысқа арнайы сигналын - jam-сигналын жібереді, сөйтіп басқа стансаларға коллизия жайлы хабарлап, таратуды тоқтатады.
Станса jam-сигналды жіберген соң тынып қалады және бинарлы экспоненциалды кідіріс ережесіне сәйкес бірнеше уақыт күтіп, 1 қадамға қайта оралады.
Кадрқабылдау.Қабылдайтын станса немесе басқа желілік құрылғы, мысалы, концентратор немесе коммутатор, ең алдымен, преамбула бойынша синхрондалады да, манчестер кодын бинарлық формаға түрлендіреді (физикалық деңгейде). Ары қарай бинарлы ағын өңделеді.
Ethernetтехнологиясыныңфизикалықспецификацияларыбүгінгі күні өз құрамына мәліметті таратудың келесі орталарын қосады:
10Base-5 – «жуан» коаксиал деп аталатын 0.5 дюйм диаметрлі коаксиалды кабель. Толқындық кедергісі - 50 Ом. Сегменттің максималды ұзындығы - 500 метр (қайталағышсыз). 10Base-2 - «жіңішке» коаксиал деп аталатын 0.25 дюйм диаметрлі коаксиалды кабель.
Толқындық кедергісі - 50 Ом. Сегменттің максималды ұзындығы -185 метр (қайталағышсыз). 10Base-T – экрандалмаған айналу жұп негізіндегі кабель (Unshielded Twisted Pair, UTP).
Концентратормен жұлдыз тәріздес топология құрады. Концентратор мен соңғы түйін аралығы - 100 м-ден көп емес.
10Base-F – оптоталшықты кабель. Топологиясы айналу жұбы стандартына ұқсайды. Бұл өзгешіліктің бірнеше нұсқасы бар – FOIRL, 10Base-FL, 10Base-FB.
10 санымен осы стандарттардың мәлімет тарату биттік жылдамдығын - 10 Мбит/с, ал Base сөзі – бір негізгі жиілікте 10 МГц тарату әдісін білдіреді (бірнеше тасушы жиілікті қолданатын, broadband – кеңжолақты деп аталатын стандарттардан басқалау).