Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Желілік инфрақұрылымды құру. Модуль/пән атауы



бет3/4
Дата07.09.2023
өлшемі151,06 Kb.
#106418
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
№1 сабак-лек

Fast Ethernet технологиясы Ethernet классикалық технологиясының эволюциялық дамуы болып табылады. Fast Ethernet технологиясының кадрлар форматы 10-Мегабитті Ethernet технологиясының кадрлар форматынан ерекшеленбейді. Fast Ethernet кадрлар таратуының барлық уақыттары сәйкес келетін 10-Мегабитті Ethernet технологиясынан 10 есе аз: кадраралық интервал 100 нс-тың орнына 10 нс, ал кадраралық интервал – 9.6 мкс-тың орнына 0.96 мкс.
Fast Ethernet-тің физикалық деңгейінің спецификациялары. Әртүрлі типті кабельдер үшін стандарт үш кабель түрі көрсетіледі: айналу жұбындағы жұмыс үшін 100BaseTX және 100BaseT4, ал оптикалық кабель үшін 100BaseFX.
100BaseTX - екі жұпты қолдануды талап етеді: экрандалмаған - UTP (unshielded twisted pair) немесе экрандалған - STP (shielded twisted pair) – біреуі тарату, ал екіншісі қабылдау үшін. Бұл талаптарға кабель бойынша екі негізгі стандарт жауап береді: EIA/TIA-568 UTP, категория 5 және IBM компаниясының STP-1 типті.
100BaseT4 - 3-ші категорияның экрандалмаған айналу жұбы қолданады. Қосу үшін төрт жұптың, олардың үшеуі мәліметтерді тарату үшін және біреуі келіспеушілікті анықтау үшін қолданылады. 8В6Т кодалау схемасы және бір жұпта 25 МГц биттік жылдамдық, сонда нәтижесінде мәліметті тарату үшін 100 МГц биттік жылдамдық қолданылады.
100BaseFX - 62,5-мкм өзекше және 125-мкм қабықшамен қапталған көпмодалы оптоталшықпен жұмысты қарастырады. 4В5В кодалау сұлбасы және мәліметті тарату 125 МГц биттік жылдамдық (аналогты түрде FDDI), нәтижесінде мәліметті тарату үшін 100 МГц жылдамдық қолданылады. 100BaseFX стандарты бір үй көлемінде Fast Ethernet қайталағыштарын магистральды қосылуда қолдану негізделген.
Gigabit Ethernet хаттамасы. Fast Ethernet және 100VG-AnyLAN сияқты жаңа жоғары жылдамдықты технологияларға көшу жақында ғана басталса да, Gigabit Ethernet Alliance және IEEE 802.12 комитеті ұсынған сәйкесінше Gigabit Ethernet және Gigabit VG жаңа технологиялары өңделуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет