Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет3/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
лекция абайтану

Сабақты қорытындылау


Пән аты: Абайтану Сыныбы: 11 Күні, айы:жылы: 22.09.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңнен өзің есеп ал» он бесінші қарасөзі
Сабақтың мақсаты: Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып,қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.Есту қабілетін,тілін дамыту,ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту,жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу.
Сабақтың құралы мен көрнекілігі:слайд-презентация,коллаж,аудио үн таспа,Абайдың қара сөздері
Сабақтың түрі,типі:дәстүрлі сабақ
Әдісі:дамыта оқыту (сұрақ,жауап,талдау-тарату,жинақтау)
Пәнаралық байланыс: тарих,философия
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
а)Психологиялық тренин
(оқушылар жасыл,сары,көк түсті қағаздарды өздері таңдап алады.Сабақтың соңында әр түстің қандай көңіл-күйді білдіретінін атап өтіледі)
ә)Н.Ә.Назарбаевтың Абай жайлы айтқан сөзінің мағынасын ашу.
Абай біздің ұлттық ұранымыз болу керек.Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.Менің балаларым мен ертеңгі ұрпақтарыма Абайдан артық,Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс. Н.Ә.Назарбаев
Абай қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Ұлы ойшыл қара сөздерінде «артқа алаң болмай» алға ілгері басуды арман етті.Қазақтардың тарихи бетін дұрыс жолға бұрды.Ол өмірдегі құбылыстарды жіті қабылдап, өмірдің мерездеріне жирене қарады,оқырманын солардан безіндірді.Абай атамыз өз заманында ел билеп,болыс болды.Елбасымыздың кемеңгерлігінің, саясатының арқасында еліміз биік шыңдардан көрініп келеді. «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»-,деп оны бойтұмар ретінде медеу тұтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет