Тақырыпқа қатысты сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашады
Көрнекілігі
Күйшінің портреті суреттері, үнтаспа, тапсырмалар
Құндылықтармен байланыс
өнерді бағалау, атақты адамдардың істерін үлгі тұту
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері
Сабақта жоспарланған оқыту іс - әрекеттері
Ресурстар
Сабақтың басы 0-3
Қызығушылықты ояту кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Жаңа сабақ туралы мәлімет беру. Құрманғазының батасымен сабақты бастау.
Сабақтың ортасы 7-10
10-20
20-25
25-35
Рефлексия
Ұлы күйші - Дина Нұрпейісова.
Бұл атақты домбырашы,халық сазгері,өзінің дара орындаушылық мектебін қалыптастырған Құрманғазының сүйікті ізбасары Дина Нұрпейісова еді.
Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде туған.Қазақстанның халық әртісі.Динаның әкесі Кенже өзінің ауылдастары сияқты шаруа адамы болған.Кенже жас кезінде белсеніп күреске шығатын әлуетті адам екен.Оның аты бүкіл окургке жайылған палуан көрінеді.Динада әкесі сияқты жас кезінде талай рет күреске түскен.палуан әйел болыпты.Кенженің өте шұғылданатын құмары-бәйге атты баптап,жарату екен.Айта кететін бір жағдай Кенже де жас кезінде домбыра тартқан екен.Бірақ үрдіс етті,домбырашының ізгі қасиеті қолына түспепті. Динаның айтуы бойынша Кенже «Айжан қыз» күйін автордың өзінен үйреніп,Динаға үйретіпті.Ұлғая келе Кенже домбыраны мүлде тастап,шаруашылығымен айналысып кетіпті. Динаның шешесі Жәниха мейірлі,мейманхан адам екен.Ол Кенженің күреске шығып,ат тартып,домбыра ойнауына қарсылық білдіріп,кесел жасамапты.От басының ың-шыңсыз тыныш болуына әдеттенген ұяң мінезді әйел,кейін келе кішкене Динаның домбыра тартуына да қарсылық жасамайды.Шешесі Динаны ерекше жақсы көреді. Дина тоғыз жасқа келгенде әкесі тартатын ән,күйлерді түгел үйреніп алып,қатардағы домбырашы болады.Әкесі бұған шын ниетімен қуанып,сүйікті қызының музыка құмарлығын барынша қуаттай түседі.Кенженің дос-жарлары Динаның домбырасын қызыға тыңдап,өнерпаздығы мен талантын ерекше мадақтайды.
Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ халқының мәдениет қайраткері Дина Нұрпейісованы жасынан өнер қонған, ерекше дарын иесі деп атауға болады. Оның бұл дарынын алғаш байқаған әкесі екен. Дина 9 жасында Дәулеткерей, Мүсірәлі, Байжұма сияқты күйшілердің шығармаларын бұлжытпай орындайтын болды. 1870 жылы атақты күйші Құрманғазы Динаның талантын сырттай естіп, арнайы іздеп келеді. Динаның өнеріне тәнті болып, күйшілік өнерге өзі баули бастайды, тоғыз жыл бойы осы өнердің қыр-сырын меңгертеді. Осы жылдары ол өзінің тырнақалды шығармаларын дүниеге әкелді. «Бұлбұл», «Байжұма», «Көген түп», «Он алтыншы жыл» атты күйлері Динаның дарынды композитор екенін дәлелдеді. 1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен домбырашы Смағұл Көшекбаев Динаны Алматыға алып келеді. Сол жылдың күзінде Алматы қаласында ұлт дарындары бас қосқан екінші республикалық жиында Динаға ресми түрде сый-сияпат, құрмет көрсетілді. Ол өзінің «Бұлбұл», Құрманғазының «Төремұрат» пен «Қайран шешем» атты күйлерін шебер орындағаны үшін ең алғашқы сыйлығын алды. Осыдан кейін Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады. Ол 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді. 2 мың қатысушы арасынан таңдалып алынған 9 үздік өнерпаздың бірі болды. Ұлы Отан соғысы басталған тұста ол майдандағы ұлын зарыға күткен сағынышын «Ана бұйрығы» атты шығармасына арқау етті. 1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия республикалары музыкасының онкүндігінде өнер көрсетті. Сол жылы ол «Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын иемденді. Ал 1945 жылы соғыстың аяқталуына орай «Жеңіс» күйін жарыққа шығарды. Дина Нұрпейісова халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты. 1955 жылдың 31 қаңтарында 94 жасында ұлы күйші дүние салды. Оның шығармалары қазақ домбыра өнерінің нағыз классикасына айналды.