ІІ «Күкірттің жеткіншек шағы» Күкірт қышқылы күн сайын өсіп ер жетті.Дүние жүзін аралап көргісі келді жұмыс істеп өзін көрсеткісі келді . Бірақ көп қиындықтарға тап болды. Оның мінезі өзгеріп, жанындағыларға қылықтарын көрсете бастады. Бұл кезеңде күкірттің физикалық және химиялық қасиеттері талқыланады
Химиялық зертхана: 1.Қышқылмен магний оксидінің әрекеттесуі (Тәжірибе 1)
2. Мырышпен әрекеттесуі(Тәжірибе2)
3. Қышқылдың натрий гидроксидімен әректтесуі (Тәжірибе3)
Күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін сәйкес қосылыстарды таба отырып,тақтаға реакция теңдеулерін жазады.
ІІІ. Күкірт қышқылының ересек кезеңіКүкірт қышқылы көп жетістіктерге жете бастады. Айналасында сыйлы өте сұранысқа ие бола бастады.
Топ мүшелері берілген тақырыптар бойынша сызба құрастырады
1-топ - Күкірт қышқылының өндірісі
2-топ - Күкірт қышқылының қолданылуы
3-топ - Қышқылдық жаңбыр
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Тексеру: топтар келесі топтармен жауап парақтарын алмасып, слайдта көрсетілген дұрыс жауаптар нұсқасын сәйкестендіре отырып тексереді.
Бағалау критерийлерін оқушылар өздері ұсынады және сол бойынша өзара бағалау жүргізеді.