Сызба бойынша ереже құрастырады; күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады; өз ойын креативті жеткізеді
«Елестету»
«Айтыс» тақырыбына сөздік құра
Топтық талқылау
Күшейткіш үстеудің жасалу жолын жұбыңмен талқыла (Оқушыларға ережені үлестіріп беру керек)
Күшейткіш үстеу Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б. Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбденшаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т. б. Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.
Сұхбат
«Қазақстанның айтыскер ақындарымен кездесу»
(Үш топ өздеріне бөліп берілген ақындармен сұхбат құрады.
Ақындар:
Айбек Қалиев (1-топ)
Жандарбек Бүлғаков (2-топ)
Айнұр Тұрсынбаева (3-топ)
Жазылым (жеке)
Көп нүктенің орнына күшейткіш үстеулерді қойып жаз.
1.Сырмақ тігу ... күрделі, ол құрастырушы шебердің талғамы мен ой-өрісіне байланысты.
2.Қазақ – ... қонақжай халық.
3.Ерлан ... батыр екен.
4.Камзол-барқыт, пүліш, мақпал сияқты ... сапалы
кездемелерден тігіледі.
5.Ана-дүниедегі ... қымбат жан.
Ой бекіту Бұрынғы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыр