Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, түгендеу, шағын топқа бөлу.
Кезекші оқушының сынып бойынша мәліметі. 1,2,3,4 сандары арқылы топқа бөлінеді.
1,2,3,4 сандары жазылған қима қағаздар.
5 мин
Үй тапсырмасын тексеру
Интерактивті тақтадан үй жұмысын тексеру
Әр топ басшысы топ мүшелерінің жұмысын тексереді. Жіберілген қателер туралы мәлімет береді.
10 мин
Тұсаукесер Ой қозғау
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары: - Жақшаның алдында “+” таңбасы болса, жақша қалай ашылады? -Жақшаның алдында “-” таңбасы болса, жақша қалай ашылады? - Ұқсас қосылғыштар деп қандай қосылғыштарды айтады? -Ұқсас қосылғыштарды қалай біріктірді?
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы тақырып бойынша пікірлерін білдіреді.
15 мин
Негізгі бөлім. Деңгейлік тапсырмалар
Тапсырмалар:
А деңгей:
1. 6х-10х+3х; 2. 1,5(х-6); 3. -2(а-0,9); 4. а-(2,7+а); 5. -8(а+1)-0,3; 6. 1,7(2-в)+0,3в; 7. а+в -(а-в); 8. 1 +(в-2 ); 9. Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда а кітап бар, Екінші қатарда бірінші қатардағыдан 6 кітап артық. Үшінші қатарда екінші қатардағыдан 2 кітап кем. Кітап сөресінің үш қатарында барлығы неше кітап бар?
В деңгей:
1. (3х+у) – (х-4у); 2. (х-у)+ (х-у) – (2х+у); 3. 3х(а+1,5)- 4ах; 4. -6(х+у)+3(2х+у); 5. -5(1,8-у)+7; 6. 3х-4у және 5х-7у+6 өрнектерді азайтып, айырманы ықшамдаңдар. 7. Өрнектің мәнін тап: -3у +5(2у-3); 8. Ұзындығы а см, ені в см, биіктігі с см тік бұрышты параллелепипедтің қаңқасын жасау үшін ұзындығы неше сантиметр сым керек?
С деңгей:
1. 1,4+а+в және а+1,3-в өрнектерді қосып, қосындыны ықшамдаңдар. 2. -3,6 х-1,7у және 2,9х+3у+ өрнектерді азайтып, айырманы ықшамдаңдар. 3. -12,7+(х-5,3)=0,9 теңдеуді шешіңдер.
Тест тапсырмаларын орындайды. Жұптасып тексереді.Өзара бағалайды.