Сабақтың тақырыбы: «Көңілді информатика»


-топқа Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені.  (кактус)



бет2/4
Дата10.05.2023
өлшемі24,5 Kb.
#91566
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
«Көңілді информатика »

2-топқа

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені.  (кактус)

  1. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді... (принтер)

  1. Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

  1. Саусақтарды билететін

Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)

  1. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын

Қорқақ компьютердің кенже баласы ? (тышқан)
ІІ-тур: «Адасқан әріптер!» Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі.
«Интернет» тобына «Модем» тобына
ЕОДМЕ •ИМРКООНФ
ОНТИРМО •АКЬЛУКТОЯЛР
РСУИВ •ИТНРНЕТЕ
ЫШТАҚН •ЕРНПЕАҚТАТ
РИНПРЕТ •ОЛОКНАК
ҚАПРАТА •МЕАРКА
Дұрыс жауаптары:
•МОДЕМ •МИКРОФОН
•МОНИТОР •КАЛЬКУЛЯТОР
•ВИРУС •ИНТЕРНЕТ
•ТЫШҚАН •ПЕРНЕТАҚТА
•ПРИНТЕР •КОЛОНКА
•АҚПАРАТ •КАМЕРА
ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі!» бұл бөлімде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі интерактивті тақтада, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс шешілген мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
6. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет