ІV -тур: «Бәрін білгім келеді!» Интерактивті тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың тақырыбына сай сұрақтар беріледі. Ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап берген топ ұяшық ұпайын ала алады, егер жауабы дұрыс болмаса келесі топ жауап беріп ұпайын иеленуге құқылы.
1. Ғалымдар:
10 ұпай – Компьютердің атасы? (Чарльз Бэббидж)
20 ұпай - 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым? (Блез Паскаль)
30 ұпай – Ең алғашқы программист кім? (Ада Лавлейс)
2. Тарих:
10 ұпай - Бұл санау құрылғыларын Римдіктер «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар «соробан»деп ал біздің елімізде не деп атаған?(шоттар)
20 ұпай - ЭНИАК машинасын кімдер, қайда, қай жылы құрастырды? (АҚШ-та, Пенсильван университетінде, 1943-1946жж)
30 ұпай - Ақпарат сөзі қайдан шықты? Мағынасы қандай? (латыннан, түсіндіру, баяндау)
3 Әртүрлі:
10 ұпай – Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл болады? (70 жыл)
20 ұпай – Желтоқсан оқиғасы қашан болды? (1986ж, 16-17 желтоқсан)
30 ұпай – Теңгенің туылған күні (15 қараша 1993ж)
Ғалымдар
10
20
30
Тарих
10
20
30
Әр-түрлі
10
20
30
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.-деп
V-бөлімді бастайық «Сұрақтар патшалығы!» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.
1. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт)
2. Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз?
(Көшіру, Копировать, Сору)
3. Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе, окно, window)
4. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри)
5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус)
6. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз?
( Мәзір жолағы, Строка меню, Menu)
7. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows)
8. WORD бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pensl)
9. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)
10.Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа? (Операциялық жүйе, Операционная система, Operation system )
Осымен бес турдан тұратын сайысымыз аяқталды әділқазылар алқасы дайын болғанша мен сендерге логикалық сұрақтар қоя тұрайын:
1. Ағашта саңырау құлақ кепті,
Жаңбыр жауып,оны жұмсартып кетті.
40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді,
Тышқан мен тиін 7-н жедің,
Қалды екен нешеу, айта ғой? Жауабы: (61саңырауқұлақ)