Мектеп: « №20 М.Әузов атындағы жалпы білім беру орты мектебі» КММ
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Шалтаева Гүлнар
Сынып: 8
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.4.3.3. – көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру.
8.4.3.4. – көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолдану аймағын зерттеу
Сабақтың Мақсаты
-Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерімен таныстыру.
-Олардың физикалық қасиеттерін білу.
-Көміртектің қолданылу салаларын білу.
Бағалау критерийі
-Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістеріне, олардың кристалл торларына және физикалық қасиеттеріне сипаттама бере алады.
- Көміртектің қолданылуын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Негізгі термин сөздер мен сөз тіркстері: Адсорбция, десорбция, аллотропиялық түр өзгерістері, алмаз, графит, карбин, фуллерен, наноматериалдар, көмір сүзгілер, кристалл торлары, белсендірілген көмір.
Оқытудың тілдік мақсаты: Өз ойларын еркін жеткізе біледі. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерін ажырата алады.
Құндылықтарға баулу
Топтық жұмыстардың көмегімен оқушыларды ынтымақтастыққа , көшбасшы болуға тәрбиелеу, жауапкершілікке баулу.
Жеке жұмыстар арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуына, өмір бойы оқуға деген ынтасын арттыру.
Физикамен: көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің электрөткізгіштігі , тығыздығы т.б. физикалық қасиеттері. Географиямен: алмаз – табиғи минералдардың ең қаттысы
Биологиямен: карбиннің адам ұлпасымен үйлесетін қасиеті.
Алдыңғы білім
Көміртек электрондарды қосып алып немесе беріп жіберіп тотығу дәрежелерін өзгерте алатынын біледі. Көміртек адам тіршілігіне қажет әр түрлі салаларда кең қолданылатынын біледі. Мысалы; графитті электрод, қарындаш жасауда қолданылатынын біледі.