7.1.1.1- компьютердің жады түрлерінің қызметін (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш-жады) сипаттау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Жад орны мен негізгі сипаттамасын білу және түсіну
Көптеген оқушылар:
Жад түрлерін ажырата алу.
Кейбір оқушылар:
Ішкі жад ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
Жұлдыз
2 балл
Жұмыс дәптері
Сабақтың ортасы
Тірек ұғымның өзектілігі (сыныппен жұмыс, әңгіме): сыртқы жадтың өзіне тән сипаттамасын айқындау үшін мұғалім электронды қорларға (http://иванов-ам.рф/informatika_08/informatika_materialy_zanytii_08_28.html) сүйене отырып, аналогия өткізеді. Адам есі – Компьютер жады, оқушылармен әңгімелеседі, сұрақтар береді.
Талқылау сұрақтары Адам қандай оқиғаны ұзақ сақталады, ал қайсысы есте сақтала қоймайды? Мысалдар келтіріңдер.
Адам қоршаған әлем туралы барлық ақпаратты сақтай ала ма және бұл оған керек пе?
Ақпаратты ұзақ сақтауға әкелетін жад құрылғысын қалай атауға болады? (Ұзақ уақытты жад)
Ақпаратты тез сақтайтын жад құрылғысын қалай атауға болады? (Жедел жад).
Оқушылар адам есінде ақпараттар қалай сақталатыны туралы бір-бірімен пікір алмасады (талқылау үшін сұрақ); одан кейін жад анықтамасын жазады және қорытындысын жаза отырып, «Компьютер жады түрлері» сызбасын толтырады.