Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Комплекс сандар
|
Оқытушының аты-жөні: Абубакирова Х. А.
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Комплекс санның анықтамасы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Комплекс сандар туралы түсінік
Комплекс сандарға амалдар қолдану.
Комплекс саннан түбір табу және дәрежеге шығару.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар:
комплекс сандардың анықтамасы мен қасиеттерін біледі және түсінеді;
алгебралық түрде берілген комплекс сандарға амалдар қолдана алады;
квадрат теңдеулердің және жоғары дәрежелі қарапайым теңдеулердің комплекс түбірлерін табады.
Комплекс сандар қолданбалы математикада орасан зор орын алады, соның ішінде ауыспалы токты есептегенде.Бұл ғылыми жобада комплекс сандарына түрлі амалдар қолдануды үйренеміз. Муавр теоремасын қолданып,комплекс сандардың дәрежесін есептейміз,және де ауыспалы токтың жай есептеріне көз жүгіртеміз.
|
Бағалау
критерийлері
|
комплекс сандар ұғымын енгізу қажеттілігін түсінеді;
комплекс сандарға қатысты келесі түсініктерді біледі және ажыратады: нақты бөлік, жорамал бөлік, модуль, аргумент, таза жорамал сандар, тең және түйіндес сандар;
алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолданады;
түйіндес комплекс сандардың қасиеттерін қорытып шығарады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- комплексті-түйіндес сандары қамтылған есептерге түсініктеме беру және ауызша сипаттау;
- комплекс сандарға орындалған амалдарды түсіндіру;
- квадрат теңдеудің немесе жоғары дәрежелі теңдеулердің түбірлерінің саны туралы пайымдау.
|
|