Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет23/42
Дата24.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#110050
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
8 кл қазақ тілі ҚМЖ 1-тоқсан ДҰРЫСЫ 2023-2024 жыл

Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ тілі 9-сабақ

Бөлім:

2-бөлім: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты:


Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Құндылықтар әлемі



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

Сабақтың мақсаты

Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтай алады. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
5 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Психологиялық ахуал тудыру кубигі
1.Амандас 2. Құшақтас 3.Тілек айт

4.Мақта 5.Күлкі сыйла 6.Би қимылдарын
бірге қайтала
Ойтүрткі
Төмендегі сұрақтарға жауап бер.
 Құндылық дегенді қалай түсінесің?
 Сен үшін не құнды?

Психологиялық ахуал тудыру кубигі арқылы кубиктердегі
тапсырмаларды бірге қайталап, оқушылар өз бойларына жағымды ахуал қалыптастырады.
Ой қозғау мақсатында қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл



Сабақтың
ортасы
25 минут


8 минут


2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінде қандай мәселе көтерілген? Ол мәселелер бойынша сенің көзқарасың қандай? Мәтіндегі негізгі ойды анықта. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.

  • Құндылықтарды қалай бөлуге болады?

  • Мәдениетті неліктен «құндылық» дейді?

  • Рухани құндылықтар туралы не білесің?

  • Материалдық құндылықтар деп нені айтамыз?

  • Құндылықтар мәселесі басқа қай пәнде қарастырылады?

Тілдік бағдар
Интонация– дауыс ырғағы. Түрлі интонация мен айтылған әр сөйлем әртүрлі мағына береді. «Интонация»термині латынның «қатты сөйлеу» деген сөзінен шыққан. Интонация айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық айырмашылығын көрсетеді, сөйлеуші лер дің көңіл күйін, олардың әңгіме тақырыбына, бір-біріне деген көзқарасын білдіреді.Интонация лексикалық құрылым, синтаксистік қатар мен
фразаның стильдік ерекшелігін танытып, дыбыстық әрі негізгі әуеннің, дауыс пен ырғақтың, кідіріс пен екпіннің өзгеруі мен та-нылады. Әр халықтың сөйлеу интонациясына сәйкес өзіне тән ішкі ерекшелігі бар. Олар: әуен, әуез, (тембр), қарқын, ұзақтылық,
кідіріс.
3-тапсырма.
Мәтінге әдеби тілдік норма бойынша талдау жаса. Мәтінді дауыс ырғағына қарай оқы.
Баршамызға белгілі, жер-әлемдегі құбылыстар сәт санап, әр кезде, күнде өзгеріске түсіп, жаңғырып жатыр. Бұл – заңдылық. Өзгермейтін бір ғана заңдылық – адами қарым-қатынас пен адамгершілік ілімі. Ол – қайырымдылық, көмек-жәрдем, адал мен арамды айыра білу, кішіпейілділік, көркем мінез, инабаттылық, кісі ақысын жемеу, өсім алмау, өсек-өтірік айтпау, ғайбат сөйлемеу, уәдеде тұру, сараң да, ысырапқор
да болмау, ата-анаға кіршіксіз мейірім, ағайын-туысқа қолғабыс, рухани және ар-ұждан тазалығы, көршіңмен татулық, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, Отан алдындағы парыз, қоғамдық міндет - борыш, отбасымыздағы шынайы қарым-қатынас, ер-азаматтардың жоғары жауап кершілігі, қоршаған ортаны аялау, хайуанаттар әлеміне деген аяушылық.


5-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқып, дауыс ырғағыңа мән бер. Ең басты құндылықтарға назар аудар. Сен үшін адамзаттық құндылыққа не жатады? Өз жауабыңды автор көзқарасымен салыстырып, байланыстырып айт.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы

(Мұхтар Шаханов)



Мәтіннен қандай мәселелер көтерілгенін және негізгі ойды анықтап, мәтіндегі мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Сұрақтарға жауап береді

Мәтінге әдеби тілдік норма бойынша талдау жасайды. Мәтінді дауыс ырғағына қарай


оқиды.

Өлеңді мәнерлеп оқып, дауыс ырғағына мән береді. Ең басты құндылықтарға назар аударады.


Өз жауабын автор көзқарасымен салыстырып, байланыстырып айтады.

Дескриптор


Білім алушы
-мәтіндегі мәселелерді талдайды;
-өз көзқарасын білдіреді;
-мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Жетон арқылы бағалау





Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет