|
Мектеп:
|
Күні:03.10.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ибадуллаев Нұртілеу Рахметуллаұлы
|
Сынып:6
|
Оқушы саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
6.3.1.1.Координаталық жазықтық ұғымын меңгеру
6.3.1.2.Тік бұрышты координаталар жүйесін салу
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың барлығы:
Координаталық жазықтық ұғымын түсінеді
Басым бөлігі
Тік бұрышты координаталар жүйесін салады
Кейбірі:
Әрбір нүктеге бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу,түсіну
|
Бағалау критерийі
|
Координаталар жүйесінде нүктені координаталары бойынша салады
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік мақсаттар:
Оқушылар:
Координаталық жазықтықтағы нүктелердің координаталарын табуды меңгереді
Тілдік мақсаттар:
Координаталары бойынша нүктелерді салуды түсінеді,
түсінгендерін ауызша түсіндіріп сипаттай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Координаталық жазықтық,тік бұрышты координаталар жүйесі,Рене Декарт, координаталар осьтері,абсцисса.ордината,ширек,сандар жұбы
Диалог үшін қолданылатын тіркестер:
Координаталар жүйесі қалай құрылады?
Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай анықталады?
Кординаталарды анықтау қаншалықты маңызды?
Жер бетіндегі кез келген нәрсенің орнын анықтау мүмкін бе?
|
|
Құндылықтарға баулу
|
Қазақстанның Тəуелсіздігі жəне Астана (Қазақстан қалаларының орналасу орны, Астанадағы ғимараттардың координаталары т.б)
|
Пәнаралық байланыс
|
География 6-сынып §11. Географиялық координаттар, ендік, бойлық
Сызу 9-сынып §8.Денелердің координаталық жазықтықтағы проекциялары
|
Бастапқы білім:
|
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы. Координаталық түзудегі екі нүктенің ара қашықтығы
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Сабақтың басы:
8 мин
|
Сәлемдесу.Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу. Көшбасшы ретінде 3 оқушыға боялған сақа беріп, қалған оқушыларды дорбадағы түрлі асықтарды алдырып,
3 түс бойынша топқа бөлемін.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар жұппен бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып, тақтадағы жауаппен үй тапсырмасын тексереді. Қорытынды жасалады
ҚБ Өзара бағалау.Кері байланыс.Саралау
Допты лақтыру әдісі. Доп лақтыру әдісі арқылы өткен материалдарды қайталайды. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмектеседі.
Мұғалім сұрақ қою арқылы допты лақтырады, оқушы жауап береді, білмесе келесі оқушыға береді.
1.Қиылысатын түзулер қалай сипатталады?
2.Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бөлікке бөледі?
3.Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
4.Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
ҚБ Кері байланыс Ауызша (мадақтау)
|
Интерактивті тақта
Қағаз доп
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіну
Оқушыларға кез-келген нүктенің координаталарын координаталық жазықтықтан анықтау қадамдарын жасау тапсырылады
1.Координаталық жазықтық салады
2.Кез келген нүктені белгілейді
3.Ох және Оу осьтеріне перпендикуляр тұрғызады
4.Нүктенің жазықтықтағы орнын сандар жұбымен жазады
ҚБ Бағдаршам әдісі бойынша.Кері байланыс
Топпен жұмыс
№1163 Тік бұрышты кординаталар жүйесін сызып,координаталары берілген нүктелерді белгілеңдер:
І топ
1) х=2, у=3 2) х=2, у=3 3) х=0, у=5
ІІ топ
1) х=-3, у=1 2) х=0, у=-3 3) х=-1, у=0
ІІІ топ
1) х=4, у=0 2) х=1, у=3 3) х=-2, у=3
ҚБ: «Жұлдызша» әдісі бойынша бағаланады. Дұрыс жауап – үлкен жұлдызша, маңызды емес қатесі бар – орташа жұлдызша, қатесі бар – кішкене жұлдызша.
«Неліктен ?»- сұрақтар әдісі. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнайды.
Жұппен жұмыс (Штурман,пилот)
№1167 Нүктелерді координаталарымен жазыңдабр (7.46-сурет)
Кері байланыс:Дайын үлгі жауап арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды
Жеке жұмыс «Пікір алмасу» тәсілі арқылы қалыптастырушы бағалау жұмысын жүргіземін. тапсырманы 3 топ мүшелеріне жеке тапсырма ретінде беріп, жауабын тапқан соң 1-топ
2-топпен, 3-топ 1топпен жауаптарын ауыстырып бір-бірінің жұмысын тексеріп, талдап, бағалайды.
Геогебра бағдарламасында жұмыс жасау
№1175 Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша:
1) үшбұрышты салыңдар: А(-3;-1);
В (2;4); С (6;-2)
2) Тік төртбұрышты салыңдар: А (-2;-2);
В (-2;1); С (4;1); Д (4;-2)
Дескриптор арқылы бағалау
1. Координаталық жазықтық сызу
2. Нүктелерді табу
3. Нүктелерді қосу
|
Оқулық Т.А.Алдамұратова
Т.С.Байшоланов
Е.С.Байшоланов
Математика 6-сынып (2-бөлім
Оқулық
Компьютер
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі
Тапсырма
Координаталық жазықтықта А(1;3), В(-2;5), С(7;-2), Д(4;11), Е(-1;-5) нүктелерін белгілеңіз. АВ,ВЕ,ДЕ,СД,АС кесінділерін салыңыз және шыққан фигураны атаңыз
Дескриптор:
Координаталар жүйесінде нүктені координаталары бойынша салады
Есептің шарты бойынша кесінділерді салады.
Рефлексия пирамидасы
Есте сақтау керек маңызды бір нәрсе
Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе
Сіз бұрыннан білетін үш нәрсе
Сіз үйренген төрт нәрсе.
Үйге: №1164
|
Таратпа
|