Сабақтың тақырыбы Квадрат үшмүше



Дата15.12.2023
өлшемі210,94 Kb.
#139456
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ Квадрат үшмүше 8-сынып (1)


Сабақ жоспары






Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Квадрат теңдеулер

Мектеп:


Мұғалімнің аты-жөні:















Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Квадрат үшмүше




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.3. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу.




Сабақтың мақсаты

Квадрат үшмүше ұғымын білу;
Квадрат үшмүше түбірлерін таба алу
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктей алу




Бағалау критерийі


-Квадрат үшмүше ұғымын біледі,
-Квадрат үшмүше түбірлерін таба алады,
-Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктей алады.




Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика мен терминология;
Көпмүше, көпмүшенің дәрежесі, коэффициенті, қысқаша көбейту формулалары, бос мүше, үшмүшенің түбірлері, көбейткіштерге жіктеу
Диалогқа/жазылымға қатысты тіркестер;
Квадрат үшмүшенің түбірлері бар болса, ... көбейткіштерге жіктеледі.
Егер квадрат үшмүше көбейткіштерге жіктелсе, ... түбірлері болады.
Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болмаса, ... көбейткіштерге жіктелмейді.




Құндылықтарға баулу


Оқушылардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер, әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиеттер мен сапаларды жетілдіру, бір-бірін сыйластыққа, пікірін тыңдауға, топпен жұмыс жасауға баулу




Пәнаралық байланыс

Геометрия




Алдыңғы білім



Квадрат теңдеу және оның түбірлерін, толымсыз квадрат теңдеулерді шешуді, квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын біледі.




Сабақ барысы







Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар



Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Сабақтың басы

2 мин

2 мин

5 мин


3-мин

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сурет қималарын қолдана отырып, «Мозайка» әдісі бойынша 3-топқа бөлу.

Үй тапсырмасы № 218. «Көршіңді тексер» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді.

Турист байдаркамен 18км жолды өзен ағысымен және 10км жолды ағысқа қарсы жүріп өтті. Оның осы жолға жіберген уақыты көлмен жүрген 28км жолға кеткен уақытымен бірдей. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, онда байдарканың жылдамдығы неге тең?
Интерактивті тақтаға жауабын көрсету арқылы оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, «+», «-» таңбасы арқылы бағалайды.

«Кім жылдам» сұрақ қою тәсілі арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
Мақсаты: Өткен сабақты қорытындылай отырып оқушылардың зейінін шоғырландыру, қызығушылығын ояту,шапшандық дағдысын дамыту.
1.Жалпы түрдегі квадрат теңдеу дегеніміз не?
2.Қандай жағдайда квадрат теңдеудің екі әр түрлі түбірі болады?
3.Қандай жағдайда Виет теоремасын қолдануға болады?
4.Виет теоремасына кері теореманы қолданғанда қандай теңдеуді құруға болады?
5.Квадрат үшмүше дегеніміз не?
ҚБ: Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Жаңа тақырыптың мақсатын ашуда «Ой қозғау» әдісі арқылы ребусты шешу.

  • ах2+bх+с ``сені *` кішкене ```` ````есептерге жаз`` ``іріктеу

Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

Алгебра
8-сынып оқулығы
А.Әбілқасымова
“Мектеп” баспасы
2016ж.
Қима суреттер.
Cлайд №1

Сұрақтар тізбесі.


Слайд №2





Сабақтың ортасы
6 мин

6 мин


5 мин

3 мин


Оқулықпен жұмыс
Өткен тақырыпқа есептер шешу мақсатында “Стоп кадр” әдісін пайдалану.
1-тапсырма
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеңдер.
1-топ 2-топ 3-топ
х2-8х+15; х2-11х+30 ; 3х2-5х-8;
х2-16х+60 ; х2+20х-96; 3х2+4х-7;
х2-4х-77 ; х2+10х-24; -9х2+8х+1;
х2+5х-14 ; х2-4х-96 ; 5х2+2х-3;
2-10х-15 ; 5х2+9х-2; х2-21х+110;
Дескриптор
Квадрат үшмүшенің түбірлерін табады;
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді.

ҚБ: Оқушылар бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды

2-тапсырма
«Конверт» әдісі арқылы топтың әр мүшесі деңгейлік есептерді шығарады. (жұптық жұмыс)
Бөлшекті қысқартыңдар
1-топ 2-топ 3-топ

а2-3а+2




а2+5а+6




2-9а-2

а2-5а+6

а2+6а+9

а2-3а+2










х32+х-1

2+х-2

10х2+х-2

х2-2х+1

2-4х-4

х2+2,1х-1










х+4

х2-3х-18

х2-9

х2+5х+4

х-6

х2-х-12
















Дескриптор
Квадрат үшмүшенің түбірлерін табады;
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді, Бөлшекті қысқартуды орындайды.
ҚБ: Оқушылар бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды

3-тапсырма
Ұзындығы 100м-ге тең қоршауды қолданып ауданы ең үлкен болатындай етіп тіктөртбұрышты жер телімін қоршау керек. Жер телімінің қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.
Дескриптор:

  1. Есептің алгоритмін құрастырады.

  2. Қабырға ұзындықтарын табады.

ҚБ: Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.
4-тапсырма
«Сәйкестендіру» кестесі (Топтық жұмыс)



Сұрақтар

Сәйкес-
тендіру

Жауабы

1

Квадрат теңдеулер




ах2=0 ах2+bx=0
ах2+c=0

2

Толымсыз квадрат теңдеулер




ах2+bx+c=0

3

Келтірілген квадрат теңдеулер




ах2+bx+c=
=a(x-x1)(x-x2)

4

Квадрат үшмүшерні көбейткіштерге жіктеу




x2+px+q=0

5

Биквадрат теңдеу




ax4+bx2+c=0






ҚБ:Оқушылар бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды


Топтық жұмыс


Слайд №3

Слайд №4


Слайд №5
Топтық жұмыс





Сабақтың соңы

5 мин

2 мин

1 мин


Тест. Тақырыпты пысықтау мақсатында
1.Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?
А. 2х+3 В. х32+5 С. х2-19х Д. 3х3-0,4х2
2. х2-9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер
А. (х-1)(х-8) В.(х+1)(х-9) С.(х+1)(х+8) Д. Жіктеуге болмайды
3.Түбірлерін х1=5 және x2=4 ден алып квадрат үшмүшені жазыңдар
А. х2+9х+20 В. х2-х-20 С. х2+х-20 Д. х2-9х-20
4. 2х2-10х+12 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер
А. (2х-4)(х+3) В.2(х-2)(х-3) С. 2(х+2)(х+3) Д. (х-2)(х-3)
5. х1=2,5 және x2=-3 ден алып квадрат үшмүшені жазыңдар
А. х2-5,5х+7,5 В. х2-0,5х-7,5 С. х2-5,5х-7,5 Д. х2+0,5х-7,5
Кері байланыс.
Бүгінгі сабақта не үйренгендігін анықтау мақсатында кері байланыс аламын.
«Құс» әдісі
Қостым.(Бүгінгі сабақтан не үйрендің?)
Ұсынысым. (Сабақтан алған әсерің қандай?)
Сұрағым. (Қандай сұрағың бар?)
Бағалау. Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды
Үйге тапсырма №235; №236



Слайд №6

стикер





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлемін.
«Көршіңді тексер» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексеремін.
«Кім жылдам» сұрақ қою тәсілі арқылы өткен тақырыпты пысықтаймын.
«Ой қозғау» әдісі арқылы сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтаймын.
Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында “Стоп-кадр” әдісін қолданып ынтымақта жұмыс жасауға, білгендерін достарымен бөлісуге, түйінді ой қалыптастыруға жағдай жасаймын.
Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырма беремін. Қызығушылығы төмен оқушылардың топта белсенді іс-әрекет етуін қадағалаймын.



Сабақта мынадай бағалау түрлерін қолданамын: басбармақ, смайликтер, «+,-» әдістерін қолданамын

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері кезінде қауіпсіздік ережелері туралы ескертіп отырамын








Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.










Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет