Тыңдалымалдытапсырма Мәтінді 2 рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады.
Тыңдалым мәтіні
Тоғайда әртүрлі құстар бар. Құстар жанды табиғатқа жатады. Құстар табиғатты қорғайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Олар құстарға ұя жасайды, жем береді. 1 сәуір – құстарды қорғау күні.
Керекті сөздер: не? нелер? кім? қандай? нені? Дескриптор:
Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.
Сұрақтарды сөйлемде дұрыс қолданады.
Суреттердің ретін анықтайды.
Сөйлемдер: Тоғайда ... бар?
Құстар ... табиғатқа жатады?
Құстар ... қорғайды?
Құстарды ... қорғайды?
1 сәуір ... күн?
Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырады. Суреттердің ретін анықтайды.
_______құстарды қорғаймыз.
Құстар __________ қорғайды.
1 сәуір – құстар _________ .
Тоғайда ___________ бар.
Бірнеше оқушы өздерін дескриптор бойынша бағалайды.
(Ж) Оқылым. Мәтінді оқып,әр сөйлемге сұрақ қояды. Деңгейлеріне қарай ашық, жабық сұрақтар құрастырады.
Үлгі (деңгейі жоғары сұрақтар):
Тоқылдақты неліктен «орман дәрігері» деп атайды?
Көгершіндердің қандай пайдасы болған?
Құстар адамның тілін түсінеді деп ойлайсың ба?
Оқылым мәтіні Құстардың пайдасы көп. Тоқылдақ ағашты қорғайды. Оны «орман дәрігері» деп атайды. Қарлығаш егінді қорғайды. Көгершіндер бұрын хат тасыған. Құстар да жанды табиғатқа жатады. Тапсырманы орындап болған соң, сұрақтың деңейін 1- 3 балл аралығында бағалайды. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жабайы құстар туралы, пайдалы құстар туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.
(Ж, Ө) Жазылым. Тапсырманы өзбетінше орындамас бұрын, «Жұбыңды тап» ойынын ойнату. Оқушыларға үш жақта жазылған есімдіктер мен тәуелдік жалғаулы сөздерді таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып, бір сөзден алады да сыңарын іздейді. Мысалы, менің үйім, сенің арманың және т.с.с. Бұдан кейін әр оқушы өздігінен көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазады.
Құстар - менің дос... .
Құстар - сенің дос... .
Құстар - оның дос... .
Құстар- біздің дос....
Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.
(Ж) Айтылым.Диалог құрайды. Төмендегі сұрақтарды қолдану:
Сен қандай құстарды білесің?
Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
Саған қандай құс ұнайды?
Құстар неге жанды табиғатқа жатады?
Жұптар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Үлгі:
Сұраққа толық жауап береді. Құстар туралы қызықты ақпарат айтты.