3.3.1.1-мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы: күз мезгілі туралы шағын әңгіме құра алу ,сұраулық шылауларды тақырып аясында орынды қолдана алу
Оқушылардың көпшілігі:тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша білетін қосымша ақпаратымен бөліседі
Бағалау критерийлері
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді.
Сөйлемде сөздерді дұрыс байланыстырады.
Күз жыл мезгілі туралы әңгімелей алады
Құндылықтарды игерту:
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.