3.1.1.1 - баяу және анық айтылған сөзді тыңдап қарапайым нұсқауларды орындау
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Оқушылардың көпшілігі: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, жаңа сөздерді сөздікке сүйеніп, сауатты жазады
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтіндегі ақпаратты өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді
Бағалау критерийлері
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Жаңа сөздерді сауатты жазады.
Лексикалық минимум
қой, сиыр, жылқы,түйе
Грамматикалық минимум
Септік жалғау, тәуелдік жалғау. Атам ауылда тұрады. Атамның малы көп.
Құндылықтарды дарыту
Төрт түлік мал туралы біле отырып, олардың адамға берер пайдасын түсінеді. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиеленеді.
Пәнаралық байланыстар
дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Таныстырылым
Бастапқы білім
Жанды және жансыз табиғат
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
« Жақсы ма?» - Досың болған жақсы ма?
- Жақсы! Жақсы! Жақсы! - Сабаққа дайындығымыз жақсы ма?
- Жақсы! Жақсы! Жақсы! -Көңіл-күйіміз жақсы ма?
-Жақсы! Жақсы! Жақсы! Өткен тақырыпты еске түсіру. «ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны (Ортаға екі орындық қарама-қарсы қойылады. Бір орындыққа «ИӘ» , екнші орындыққа «ЖОҚ» сөздері жазылған қағаздарқ ойылады. Оқушылар екі топқа бөлініп, екі қатарға тұрады. Ортаға кезекпен бір-бір оқушыдан шығады. Мұғалім өтілген тақырып бойынша бұрыс немесе дұрыс сөйлемді оқиды. Айтылған ақпарат дұрыс болса, соған сәйкес орындыққа отырып үлгеруі керек). Өсімдіктер жанды табиғатқа жатады.
Құстар су ішпейді.
Жанды табиғат өзгереді.
Тау жанды табиғатқа жатады.
Табиғат жанды және жансыз болады.
Жансыз табиғат өседі.
Жанды табиғат тыныс алады.
Жансыз табиғат өзгермейді.
Адам-табиғаттың бір бөлшегі.
Адам табиғатсыз өмір сүре алады.
Су, ауа адамға өте қажет.
Сабақ мақсатымен таныстыру Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Сөздерді қатесіз жазамын.
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту қой, сиыр, жылқы,түйе, қора
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру Қой сатып алу. Атам қой сатып алды.
Жылқыға су беру. Мен жылқыға су бердім.
Сиырға шөп салу. Біз сиырға шөп салдық.
(Ж) Тыңдалым Менің атам бар. Ол ауылда тұрады. Атамның малы бар. Қорада сиыр, жылқы, қой бар. Олар – үй жануарлары.
Мәтінді екі рет тыңдайды. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазады.
Үлгі: Менің атам ... тұрады. Атамның ... бар. Қорада ..., ..., ... бар. Олар - ... .
Жұптар орындап болған соң, өз жұмыстарын дұрыс нұсқамен тексереді. Дұрыс нұсқа тақтада көрсетіледі. Жұптар өз-өздерін бағалайды.
(Ө) Жазылым. Сауатты жазуда қиындық тудыруы мүмкін бірнеше сөзді тақтаға жазып қою.
Ауыл, түйе, құлын, сиыр Оқушылар осы сөздермен сөйлемдер құрап жазады. Қалауы бойынша бірнеше оқушы тақтаға жазған сөйлемдерін жазады.
Бұдан кейін оқулықта берілген суретті сөзге айналдырып оқиды.