Оқылым мәтіні Құстардың пайдасы көп. Тоқылдақ ағашты қорғайды. Оны «орман дәрігері» деп атайды. Қарлығаш егінді қорғайды. Көгершіндер бұрын хат тасыған. Құстар да жанды табиғатқа жатады. Тапсырманы орындап болған соң, сұрақтың деңейін 1- 3 балл аралығында бағалайды. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жабайы құстар туралы, пайдалы құстар туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.
(Ж, Ө) Жазылым. Тапсырманы өзбетінше орындамас бұрын, «Жұбыңды тап» ойынын ойнату. Оқушыларға үш жақта жазылған есімдіктер мен тәуелдік жалғаулы сөздерді таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып, бір сөзден алады да сыңарын іздейді. Мысалы, менің үйім, сенің арманың және т.с.с. Бұдан кейін әр оқушы өздігінен көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазады.
Құстар - менің дос... .
Құстар - сенің дос... .
Құстар - оның дос... .
Құстар- біздің дос....
Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.
(Ж) Айтылым.Диалог құрайды. Төмендегі сұрақтарды қолдану:
Сен қандай құстарды білесің?
Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
Саған қандай құс ұнайды?
Құстар неге жанды табиғатқа жатады?
Жұптар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Үлгі:
Сұраққа толық жауап береді. Құстар туралы қызықты ақпарат айтты.