«Өрмекші торы»әдісі арқылы оқушылар сабақ барысына бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.
жіп
Басы
«Сұрақ-жауап» тәсілі арқылы оқушы мұғалім ретінде жалпы сыныппен жұмыс жүргізеді, оқушыларға сұрақ қояды , тілдік ортаға енгізеді.
Бүгін аптаның қай күні?
Қазір қай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Қазір қай жыл мезгілі?
Айдың нешінші жұлдызы?
Сенің көңіл-күйің қалай?
Ортасы
Жалпы 25 минут
Жалпы, жұптық, топтық,
жеке жұмыс
10минут
15минут
Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?
- Тағам ретінде. Т.б
- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме? /аквариум/
- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?
- Шыны ыдыста.
- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
- Аквариумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсайды ма?
- Ұқсайды.
- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
- Әр түрлі.
- Балықтар уылдырық арқылы көбейеді (уылдырық көрсету) Уылдырықты көп шашатын балықтар- сазан, шортан, көксерке. Осы уылдырықты біз біз «патшалар тағамы» дейміз. Мынау міне осы балықтардың уылдырықтары.
- Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады. Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қоя отырып, мақсаттарын қоюға жетелейді.
Оқушылар «білу», «істей алу» мақсаттарын қояды.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
-Оқу мақсаты мен тақырыпқа байланысты бұл сабақта нені үйренеміз деп ойлайсыңдар?-