3.1.2.1 - анық айтылған шағын хабарлама/ хабарландыру/жарнамадағы жиі қолданылатын сөздер мен фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы: Сөздер мен сөйлемдердіңмағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, жалғауларды дұрыс байланыстырады.
Оқушылардың көпшілігі: Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, ауызша және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі: Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.
Бағалаукритерийлері
Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындау;
Берілген тақырып бойынша сұрақтар қою, сұрақтарға жауап беру;
Жіктік жалғауын жалғап үйрену
Т ілдік мақсат
Ақылды, үлгілі, тентек.
Жіктік жалғау
Мен үлгілі+мін, мен ақылды+мын
Құндылықтарды дарыту
Жақсы әдет-дағдыларға баулу.
Пәнаралықбайланыстар
Өзін-өзі тану
АКТ қолданудағдылары
PowerPoint таныстырылымы
Бастапқыбілім
І бөлім. Жанды табиғат
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы (5 мин)
Ертеңгілік шеңбер «Сиқырлы таяқша» Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б.
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру - Мәтінді тыңдап, нұсқауды орындаймын.
- Тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін.
- Сөздерді дұрыс байланыстырамын.
Таныстырылым № 2
Таныстырылым № 3
Сабақтың ортасы (30 мин)
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту:Ақылды, үлгілі, тентек.
1.Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттеріарқылы меңгерту
Жаңа сөздер
Мағынасы жақын сөз
Мағынасы қарама-қарсы сөз
ақылды
есті
ақымақ
үлгілі
өнегелі
сотқар
тентек
бұзақы
тәртіпті
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады: үлгілі - үлгүлү
3. Сөйлемдер құрастыру.
Менің досым өте ақылды. Ол үлгілі оқушы.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
(Ж)Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.Қай сурет мәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін көрсетеді, айтып береді.
Үлгілі Ақылды
Тентек
Дескриптор: - тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша суретті анықтайды;
- өз жұбына сипаттап айтып береді.
Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?
(Т) Оқылым. Айтылым. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар шағын 3 топқа бөлініп, мәтінді оқиды. Жаңа сөздерді табады, сөз орамдары мен сөйлемдер құрастырады. Мәтіннің мазмұны бойынша диалогты толықтырады, топтар бір-біріне сұрақ қояды, өзара сұхбаттасады.
Менің досым ауылда тұрады. Ол ақылды, тентек емес. Ата-анасына көмектеседі. Сабақты жақсы оқиды. Ол аяғы сынған құсқа көмектесті. Ол – үлгілі бала.
.............................................. .
Менің досым ауылда тұрады.
............................................... .
Ол ақылды, үлгілі бала.
................................................ .
Ол ата-анасына көмектеседі.
................................................ .
Сабақты жақсы оқиды.
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателер болды.
- тапсырманы орындау қиын болды.