Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз Бүгінгі сабақта оқу мақсаттары негізінде сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.Мәтін атауын талқылау арқылыкөтерілген мәселені болжай алды. .Мәтіннің алғашқы бөлігін оқи отырып негізгі ойды болжады.Есімдіктерді зат есім,сын есімдердің орнына тиімді пайдалана алды.Сабақта оқушылар берілген тапсырмаларды әдіс-тәсілдерге белсенді жауап бере отырып орындады.Берілген тапсырмаларға қолданылған әдіс-тәсілдер сәйкес болды.Осы әдіс-тәсілдер негізінде оқушылар алған білімдеріне кері байланыс жасап отырды.Жеке жұмыстарда сабақ мақсатына негізделген критерийлерге қол жеткізу үшін дескрипторларды жүзеге асыра отырып,өзара қалыптастырушы бағалауды жүргіздім.
«Топта талқылау», «Ойлан. Жұптас. Бөліс», «Пікіралмасу», «Ерікті тілші», «Ой шақыру», «ҚҚҚ», «Құндылықтар спектрі», «3-2-1» әдістерін қолдандым.Уақытты ұтымды пайдаландым.
Сабақ оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Сабақтың оқу мақсаттары тапсырмаларды орындау барысында шынайы,қолжетімді болды.
Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнады.Оқушылардың пәнге қызығушылығы,ынтасы артып,құзіреттілігі қалыптасты.Мақсатқа сай берілген сұрақтар мен тапсырмаларға оқушылар белсенді жауап беріп,тапсырмаларды тиянақты орындады.Өз бетінше ізденуге,салыстыруға,ойын еркін жеткізуге дағдылана бастады.Оқушылардың сабақ барысында өз бетімен жұмыс жасауы,ізденуі,өзара ой бөлісуі,бірін-бірі ынтамен тыңдауы,сыни тұрғыдан ойлауы,нақты дәлелдермен сөйлеуді үйренуі сабақтың нәтижелілігін көрсетті.
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Топтық жұмыс кезінде қарым-қатынас түрлері бойынша саралау, нәтиже және жауап бойынша саралау және мақсат бойынша саралау тиімді болды.
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Тапсырмалар берілген уақыт ішінде орындалды.Дегенмен,жеке жұмыс кезінде кейбір оқушылар тапсырмаларды орындауда 1-2 минут кешігіп аяқтады.
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Ықшам сабақ-тиімді жоспар құрудың үлгісі екендігіне көз жеткіздім.Сабақ мақсатын оқу мақсатымен байланыстыра отырып,жүйелі құру керек.Баланың жас ерекшеліктері мен қабілетін ескере отырып,сабақ барысындағы әрекеттерінде дағдыларды кіріктіруді,әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды назарда ұстау керек.Саралап оқыту тәсілін қолдану барысында оқушылардың танымдық деңгейіне,мұғалім тарапынан берілетін көмекке басты назар аудару керек.