Логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия)
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
10.2.2.1. логикалық операцияларды қолдану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия);
10.2.2.2. берілген логикалық элементтер үшін ақиқат кестесін құру;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Логика және оның түрлерін анықтау;
Көптеген оқушылар:
Ойлаудың негізгі формалары мен логикалық амалдарды салыстыру;
Кейбір оқушылар:
Логикалық амалдарды өмірде қолдану.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Өткен сабақты пысықтау: «Дүкен» әдісі
Үш топқа өткен тарау бойынша бес сұрақтан дайындауды тапсырады. Мұғалім санау жүйесі туралы деректерді карточкаларға жазып, араластырып, үш
топқа бес данадан таратады. Әр топ өз тақырыптары бойынша мәлімет жинайды. Ол үшін дүкенге барып өз тақырыптары туралы мәліметті іздейді. Сатушы сұрақ
қояды, сұраққа жауап беріп, тауарларын алып кетеді.
Жауап бере алмаса, тақырыптарын толықтыра алмайды.
1. Екілік санау жүйесі.
2. Сегіздік санау жүйесі.
3. Он алтылық санау жүйесі.
Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша мадақтау.
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Сабақтың ортасы
«Миға шабуыл» әдісі.
- «Логика» дегеніміз не?
- Компьютер мен логиканың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
«Джигсо» әдісі.
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін ортада талқылайды.
Ауызша мадақтау, ынталандыру.
1-тапсырма. «Венн диаграммасы» әдісі
Логикалық амалдарды Венн диаграммасы арқылы салыстыру.