Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№7 тапсырма:
Шығармаға композициялық талдау жасаңдар.
Айтылым:
Шығармаға композициялық талдау жасап, айтып береді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
Дескриптор: Жалпы - 6 балл..
-Шығарманы оқиды
-Композициялық талдау жасайды
8-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
№8-тапсырма:
Хрестоматиядағы нұсқаны пайдалана отырып, сұрақтарға жауап бер.
Айтылым:
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.