Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№9-тапсырма: Романнан алған әсерлеріңді баяндап, авторға хат жазыңдар.
|
Жазылым:
Романнан алған әсерін баяндап, авторға хат жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым және айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Романды баяндайды.
-Авторға хат жазады.
.
|
Оқулық, жұмыс дәптері.
|
|
№10-тапсырма:
Романдағы негізгі оқиғалар мен тартысты Шәкәрімнің «Еңлік–Кебек» дастанымен салыстыр. Екі шығармадағы жастардың да бақытты бола алмауына не себеп болғанын айтып бер. Романдағы тарихи уақыт пен көркемдік ерекшелікті сарала.
|
Айтылым:
Романды Еңлік-Кебек дастанымен салыстырады. Екі шығармадаға жастардың бақытты бола алмауына не себеп болғанын айт. Романдағы тарихи уақыт пен көркемдік ерекшелікті сарала.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым дағдысы қалыптасады.
|
|