Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»



бет2/23
Дата06.01.2022
өлшемі127,5 Kb.
#12805
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
акуулар уйктаганда

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биология, өзін-өзі тану, география.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Бүгін ерекше сабақ екенін айтып, қонақтармен сәлемдесу. Түрлі-түсті суреттер арқылы топқа бөлу.(«Азамат», «Аққу», «Табиғат»)

Тыныс алуға зейін қою жаттығуын өткізу.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыларңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... 1 дегенде дем аламыз, 2 дегенде демді сыртқа шығарамыз (5 – 6 рет).

Мұғалім: («5Т» ұстанымын еске түсіру). Тәртіп бар жерде, талап болады, талап бар жерде тазалық болады, тазалық бар жерде тыныштық болады, тыныштық бар жерде татулық та болады. Бүгінгі сабақта ішкі тыныштығымызды сақтап, татулықпен жұмыс істейміз деп сенемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет