Аққу – лебедь – swan
ІІІ. Топтастыру стратегиясы.
Мұқағали кім? → Ақын, данышпан
«Ыстық орындық» тәсілі. Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
«Азамат» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? – Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің, атасының аты кім? – Сүлеймен, Мақатай
3. Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келген? – 1931ж. 9 ақпан, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында.
4. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қай жылы жазылды? /1973 ж. /1721/ 7
«Табиғат» тобына:
1. Ақынның әжесінің аты? – Тиын, келіндері оны «Мақпал апа» деген. Ол «Мені сөзге, жырға үйір еткен – әжем» дейді.
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты? (Жетімкөл)
3. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
4. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды? – Менің анкетам.
«Аққу» тобына:
1. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? – 5 шілде 1991 жыл
2. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»
3. Ақынның алғашқы өлеңдері – «Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай»
4. Қандай жыр жинақтарын білесің? – «Қарлығашым келдің бе?», «Өмір – өзен», «Дариға жүрек» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |