Сабақтың тақырыбы М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. «Сібір шамшырағында»



бет1/2
Дата11.12.2022
өлшемі24,52 Kb.
#56445
түріСабақ
  1   2


Бөлім:

« «Қазақтың Қанышы»

Сабақтың тақырыбы

М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. «Сібір шамшырағында»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау



Сабақтың мақсаты

М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» шығармасындағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап және даралап талдау

Бағалау
критерийі

Шығармадағы кейіпкерлер жүйесіне талдау жасайды

Тілдік
мақсаттар



Сөздер мен сөз тіркестер: кексе, сарікідір тартқан, ескі тарих, шешендiк
Пән лексикасы және терминология: образ, кейіпкерлер жүйесі
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
менің ойымша....,
мен оны былай түсіндіремін.....,
себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,
мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,
қорыта келе,.......

Құндылықтар

адамгершілік

Пәнаралық
байланыс

Қазақ тілі,

Ресурстар

10-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Мектеп» баспасы.
М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті
Бағалау

Сабақтың басы
0-5


Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ми шабуыл
Оқу жолы туралы сұрақтар

Мұғаліммен амандасады. Зейінін сабаққа аударады.

Сұрақтарға жауап береді


ҚБ.
«Бас бармақ»



Сабақтың ортасы


6-10
11 -25

25-28

29-35


1 тапсырма
«Дұрыс- Бұрыс»
«Сібір шамшырағында» бөліміндегі кейіпкерлерді анықта.

Кейіпкер

Дұрыс

Бұрыс

Ғазиз Имантайұлы







Қаныш Сәтбаев







В.И. Шумилов







Әбікей Зейінұлы







Екатерина Филимоновна







Әбдікәрім Жәмінұлы







Дескриптор
Сібір шамшырағында» бөліміндегі кейіпкерлерді анықтайды
Кестені толтырады.
2 –тапсырма «FILA толтыру» әдісі
«Сібір шамшырағында» бөліміндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
Үзінді негізін басшылыққа ала отырып, «FILA толтыру» әдісі арқылы Қ. Сәтбаевтың бейнесін ашыңдар
Математикадан бұдан екі жыл бұрынғы тиянақты әзірлігін ұмыта қойған жоқ-ты. Бұрын-соңды білгенін қайыра пысықтады. Содан бір күні профессор В.И. Шумиловтың алдына келген. Көңілінде қобалжу бар. Өйткені бұл кісінің одағай қылықтары жайында алуан қауесеттер естіген... Шынында солай болды. Үстінде қазақы күпі киіп, елтірі тымағын қолтығына қысқан, кең қоныш саптама етігімен айнадай жылтыр паркетті тосырқағандай жасқана басып (емтихан ұстаушының оқшау киімінің өзі-ақ «Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой туғызған), алдына имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке мате­матика профессоры одырая бір қарап, дереу алгебралық теңдеу құрай бастады, екі белгісізді қарапайым есеп. Қаныш қиналған жоқ, оп-оңай қағып тастады. Профессор «Әй, мынау, түйеден түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей таңданыспен сынақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне тағы бір мәрте одырая қарап, алғашқыдан едәуір күрделі бірнеше есеп жазып, алдына қойды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт ойлануға тура келді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.
– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, тең- сіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу белгісі тұруға тиіс...
– Оны қайдан білдің?
– Теңелу шарттарын тексеру арқылы...
– Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз даласында қой бақпай, үнемі есеп шығарып жүргенге ұқсайсың. Бірталай жан осы теңдеуден шатылып еді, ал сен сүрінбей өттің. Жарайсың, жайсаң киргиз, жайыңды білдім. Оқисың біздің храмда, оқисың!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет