10-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Мектеп» баспасы.
https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ec0/ec0412874eaba5bb818c2105b169919c.pdf&ln=kz
М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті Бағалау
Сабақтың басы 0-5
Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ми шабуыл Қаныш Сәтбаев кім?
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссе авторы Медеу Сәрсеке туралы қандай ақпарат білесіз?
Дескриптор
Сібір шамшырағында» бөліміндегі кейіпкерлерді анықтайды
Кестені толтырады.
2 –тапсырма «FILA толтыру» әдісі
«Сібір шамшырағында» бөліміндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
Үзінді негізін басшылыққа ала отырып, «FILA толтыру» әдісі арқылы Қ. Сәтбаевтың бейнесін ашыңдар
Математикадан бұдан екі жыл бұрынғы тиянақты әзірлігін ұмыта қойған жоқ-ты. Бұрын-соңды білгенін қайыра пысықтады. Содан бір күні профессор В.И. Шумиловтың алдына келген. Көңілінде қобалжу бар. Өйткені бұл кісінің одағай қылықтары жайында алуан қауесеттер естіген... Шынында солай болды. Үстінде қазақы күпі киіп, елтірі тымағын қолтығына қысқан, кең қоныш саптама етігімен айнадай жылтыр паркетті тосырқағандай жасқана басып (емтихан ұстаушының оқшау киімінің өзі-ақ «Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой туғызған), алдына имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке математика профессоры одырая бір қарап, дереу алгебралық теңдеу құрай бастады, екі белгісізді қарапайым есеп. Қаныш қиналған жоқ, оп-оңай қағып тастады. Профессор «Әй, мынау, түйеден түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей таңданыспен сынақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне тағы бір мәрте одырая қарап, алғашқыдан едәуір күрделі бірнеше есеп жазып, алдына қойды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт ойлануға тура келді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.
– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, тең- сіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу белгісі тұруға тиіс...
– Оны қайдан білдің?
– Теңелу шарттарын тексеру арқылы...
– Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз даласында қой бақпай, үнемі есеп шығарып жүргенге ұқсайсың. Бірталай жан осы теңдеуден шатылып еді, ал сен сүрінбей өттің. Жарайсың, жайсаң киргиз, жайыңды білдім. Оқисың біздің храмда, оқисың!