Сабақтың тақырыбы: М.Қабанбаев «Бауыр» әңгімесіндегі шынайы өмір. №13-сабақ. Бөлім



бет3/4
Дата24.02.2023
өлшемі98,05 Kb.
#69953
түріСабақ
1   2   3   4
2-тапсырма. Кубизм стратегиясы
Білу: Автордың «Бауыр» әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар. Әңгіменің «Бауыр» деп аталуы нені меңзейді?

Түсіну: Жазушы Төрекелдиевтер тұқымын қалай сипаттады?

Қолдану: Әңгіменің өздеріңе ұнаған жерінен қойылым әзірлеңіздер.

Талдау: Автор «Жетім қозы – тас бауыр», - деп нені айтқысы келіп отыр?

Жинақтау: «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша «Шын жүректен шыққан сөз» айдарымен әңгімедегі түйінді ойды жинақтап, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы пікір білдіру.
1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2.Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3.Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Бағалау: Осы әңгімені оқи отырып сен өзіңе қандай тәрбие алдың?


Бағалау критерийлері:
- Білу, түсіну бойынша толық жауап береді;
- Рөлдік ойынға белсенді қатысады;
- Мақалдың астарлы ойын табады;
- Өзіндік пікір білдіре алады.


3-тапсырма. «Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы бойынша талдау
Ақ қалпақ -Тақырып туралы түсінік беру.
Сары қалпақ - Қалидың іс-әрекеттерін қолдау.
Қызыл қалпақ –Манаптың іс- әрекетін, өз эмоциясын жеткізу.
Қара қалпақ – Қалидың іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын айту.
Жасыл қалпақ – Жетімдер үйін жауып тастау жолдарын ұсыну.
Көк қалпақ - шолу. Шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау.


«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау


Жетістік критерийлері:
- Тақырып туралы толық түсінік береді;
- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды;
- Креативті ой ұсынады;
- Өмірмен байланыстырып, қорытынды жасайды.


4-тапсырма. Жеке жұмыс. «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта шағын эссе жазу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет