Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
17-тапсырма.
Мәтінді мәнерлеп оқып,
талқылауға арналған сұрақтарға оқушылар жауап береді.
|
Айтылым. Мәтіндегі тұрақты тіркестерді тауып, оларға анықтама береді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
Мәтіндегі тұрақты тіркестерді тауып, оларға анықтама береді. Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
16-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Айтылым.
Повесть мәтінін пайдалана отырып, қандай кейіпкерлер қатысқанын айтып береді. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
- Повесть мәтінін пайдалана отырып, қандай кейіпкерлер қатысқанын айтып береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
9-тапсырманы орындатады. Мәтінге байланысты сұрақтар қойып, топқа бөледі.
|
Айтылым.
Шаншатай мен Ертайдың мінезін салыстырып айтады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
|