Ақынның «Менің атым – Махамбет» өлеңінің негізінде автор бейнесін тану.
Махамбеттің батырлық қасиетіне ықпал еткен тұлғаларды өлеңнен табады.
Тұлғалардың ақынның батырлық қасиетіне ықпалын талдап жеткізе алады.
37
Частных детских
сада
3 - тапсырма
Ақын поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде көріне бастаған жаңа түр мен бостандық, тәуелсіздік идеясының дара бейнелері ешкімге еліктемей, елпілдемей азаттық жолындағы күрес шындығын суреттеуден туындаған. Өз келбетіңді, салт-санаңды, дәстүрің мен даралығыңды құрметтеу, қастерлеу, сақтай білу, ұлы табиғат жалғастығының басты заңы деген қағиданы сақтау деген сөз.Махамбет өз елінің болашағынан үміт күтті, елдің еркіндігін аңсады. «... Махамбеттің поэзиясы – шідер мен шынжырға көнбей кеткен жігерлі жеке күрескерліктің,сонымен қатар жалпыбұқаралық сипаттағы азаттық арпалысының рухты поэзиясы» – деп жазады Амантай Шәріп.
Қазақ әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Бисенғали Зейнол-Ғабденнің «Махамбет поэзиясының поэтикасы» мақаласынан берілген үзіндіні түсініп оқып, ақын шығармашылығын бағалаған сөздерді теріп жазыңыз.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Мақаланы оқи отырып, ақын шығармашылығы негізінде автор бейнесін тану.
Мақаланы түсініп оқиды.
Ақын шығармашылығын бағалаған сөздерді тауып теріп жазады.
37
Частных детских
сада
Өзіңді тексер
«Жаңа түр мен бостандық».
«Тәуелсіздік идеясының дара бейнелері».
«Азаттық жолындағы күрес шындығын суреттеу».
«... Махамбеттің поэзиясы – шідер мен шынжырға көнбей кеткен жігерлі жеке күрескерліктің, сонымен қатар жалпыбұқаралық сипаттағы азаттық арпалысының рухты поэзиясы» – деп жазады Амантай Шәріп.