Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№1-тапсырма
«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңін жаттау.
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы
Әр топтан 1 оқушы ортаға шығады, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алса келесі «неліктен» сұрағын таңдайды, жауап бере алмаса кезек келесі топқа беріледі. Отырған оқушылар да шығарма сюжеті бойынша таңдаған оқушыға сұрақ қояды.
1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады?
2. Неліктен Махамбет «онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік» деді ?
3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді?
4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады?
5. Неліктен Махамбет өзін «шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды?
6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Махамбет Өтемісұлына қатысты неліктен деген сұраққа жауап бере алатын сұрақтар қояды
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б..
|