Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ
Пәні
Музыка
Бөлімі
Мамандықтар әлемі
Педагогтің аты жөні:
Увалиева Айнур
Күні:
Сынып:
4
Қатысқандар саны: 21
Қатыспағандар саны: 0
Сабақтың тақырыбы:
Мамандығым - мақтанышым
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен əуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау жəне салыстыру;
4.1.2.1 – əн айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екідауысты қарапайым элементтері бар əндерді орындау;
4.1.2.2 – түрлі сипаттағы əндерді айтуда жеңіл, созып орындау, дағдыларын көрсету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: – əртүрлі көңіл күйдегі көркем музыка, жалпы мамандықтар мен музыка мамандықтары туралы түсінік бере алатынын біледі;
музыканың көркем бейнесін, мазмұнын мүмкіндігінше ажыратып, жалпы түсінігін айтады;
музыкалық шығармаларды жалпы талдайды,салыстырады;
əнді орындау талаптарын жалпы біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады;
Көптеген оқушылар:
əртүрлі көңіл күйдегі көркем музыка, жалпы мамандықтар мен музыка мамандықтары туралы түсінік бере алатынын біледі;
музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;
музыкалық шығармаларды талдайды,салыстырады;
əнді орындау талаптарын біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады;
Кейбір оқушылар:
əртүрлі көңіл күйдегі көркем музыка, жалпы мамандықтар мен музыка мамандықтары туралы түсінік бере алатынын біледі жəне басқаларға түсіндіреді;
музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;
музыкалық шығармаларды талдайды, салыстырады, өз пікірін айтады;
əнді орындау талаптарын біледі, іс жүзінде кең пайдаланады;