Сабақтың тақырыбы: Масса және денелердің массасын өлшеу Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін анықтау


Мензурканың көмегімен көлемді анықтау алгоритмі



бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі1,67 Mb.
#48066
түріСабақ
1   2   3

Мензурканың көмегімен көлемді анықтау алгоритмі.

  • Мензурканың бөлік құнын анықтаңдар
  • Дене толығымен бататындай етип мензуркаға су құямыз, оның көлемін V1 өлшейміз .
  • Дененің ұшына жіп байлап, оны суға батырамыз. Қайтадан судың көлемін V2 өлшейміз.
  • Дененің көлемін табу үшін V2 ден V1 азайтамыз.

Суреттерде берілген дұрыс емес пішінді денелердің көлемін мензурка арқылы анықтаңдар.

  • Дескриптор: - мензурканың бөлік құнын анықтайды.
  • - мензуркадағы сұйықтық деңгейін анықтайды.
  • - қатты дененің көлемін анықтайды.

Есептер шығару

  • 1.Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер:
  • Шыбынның қанаты 5г
  • Теннис добы 2,5т
  • Футбол добы 400г
  • Автомобиль 1,45т

Жауабы

  • 5г=0,005кг
  • 2,5т=2500кг
  • 400г=0,4кг
  • 1,45т=1450кг

2. Роликті коньки киген екі бала бір бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы жаққа қарай сәйкес 3 және 4 м\с жылдамдықпен сырғанап кетті.Бірінші баланың массасы 40кг. Екінші баланың массасы неге тең?

  • 2. Роликті коньки киген екі бала бір бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы жаққа қарай сәйкес 3 және 4 м\с жылдамдықпен сырғанап кетті.Бірінші баланың массасы 40кг. Екінші баланың массасы неге тең?

Эксперименттік тапсырма

  • Таразыны пайдаланып мата қиындысының, қаламның массасын анықтау

Тест тапсырмалары

  • 1. Дененің массасы қандай әріппен белгіленеді?
  • а) v ә) S б) m в) t
  • 2. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтың өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама қалай аталады ?
  • а) жылдамдық ә) масса б) жол в) орынауыстыру
  • 3. 1кг неше граммға сәйкес келеді ?
  • а) 0,001 ә) 10000 б) 1000 в) 0,01
  • 4. Дененің массасын анықтауға арналған құрал.
  • а) термометр ә) спидометр б) сызғыш в) таразы

5. Масса деп ….

  • 5. Масса деп ….
  • а) Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама
  • ә) Денелердің Жерге тартылу күші
  • б) Дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күші
  • в) Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.
  • 6. Халықаралық бірліктер жүйесінде массаның өлшем бірлігі.
  • а) кг ә) г б) м в) т
  • 7. 1,45т берілген мәнді килограммен өрнекте.
  • а) 1450 кг ә) 145кг б) 0,145кг в) 145000кг

№1 карточка

  • №1 карточка
  • 1. Масса дегеніміз не ? 2. Массаны қандай әріппен белгілейміз ?
  • №2 карточка
  • 1. Массаны немен өлшейміз ? 2. Килограмм дегеніміз не ?
  • №3 карточка
  • 1. Екі дененің массасының қатынасы неге тең ? 2. Массаның өлшем бірліктері қандай ?

Қорытынды

  • 1.Масса дегеніміз не?
  • 2.Массаның белгіленуі, өлшеу құралы, жылдамдыққа қатысты формуласы?
  • 3. Инерттілік деп нені атаймыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет