Сабақтың тақырыбы: Масштаб Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/4
Дата01.10.2024
өлшемі22,95 Kb.
#146303
түріСабақ
  1   2   3   4

Бөлім:

Қатынастар және пропорциялар

Педагогтің аты-жөні:

Барлыкбекова Ж Ж

Күні:

27.09.2024

Сынып: 6 Б

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Масштаб

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану

Сабақтың мақсаты:

Масштабтың сандық мағынасын біледі.
Картадағы арақашықтық пен жер бетіндегі арақашықтықтың арасындағы байланысын ажырата отырып, есептер шығарады;
Өмірмен байланыстыра отырып масштаб өзгерісін анықтап, қалай өзгеретіні туралы ой тұжырымдайды

Сабақ барысы:

Уақыты/
кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-
тыру кезеңі


5мин

Сәлемдесу;
Сыныптағы оқушылардың көңіл күйлерін сұрап, жағымды ахуал туындату;
Оқушыларды түгелдеу;
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру

Мұғаліммен сәлемдесу;
Сыныпта жағымды ахуал туындату, бір-біріне жақсы тілектерін білдіру;
Сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге ашу, сұрақтар туындаса мұғалімнің көмегіне жүгіну
Үй тапсырмасын тексертеді

Ауызша бағалауды қоданамын
«Өте жақсы»
«Жарайсың»
Үй тапсырмасы 2б

Тақта;
Оқулық;



Сабақтың
басы


10 минут

С-1: Масштаб дегеніміз не?
С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?
С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?
Анықтама
Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп аталады.
Масштаб , картадағы арақашықтық жер бетіндегі арақашықтық неше есе кем екенін көрсетеді.

Картада

1см

Жер бетінде

1км = 100000см

Масштаб

1 : 100000



Оқушылар:Сұрақтарға жауап береді;
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады;
Сұрақтарға жауап береді

Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды


Мысалы, географиялық картаның масштабы 1 : 100 000 болса, онда картадағы ұзындығы 1 см кесіндіге Жер бетінде 100 000 см = 1000 м = =1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, Жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.


Дәптерлеріңе жазыңдар :)
Масштабтың жазылуына көңіл аударыңдар . Масштаб 1 : 100000 сандық деп аталады

Мактау мадақтау арқылы бағалау:
Жарайсың!
Өте жақсы!
Жақсы!
Керемет!

6-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. 4-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2018

Сабақтың
ортасы


25минут

170. Масштабы 1 : 8 сызбадағы сақина диаметрінің ұзындығы 9 мм. Осы сақинаның масштабы 1 : 6 сызбадағы диаметрі қандай болады? A. 13 мм; B. 14 мм; C. 10 мм D. 12 мм

171. Масштабы 1 : 3 800 000 картада Ерейментау Екібастұз қалаларының арасындағы теміржол торабының ұзындығы 4,4 см болып кескінделеді. Ерейментаудан Екібастұзға дейінгі теміржол торабының Жер бетіндегі ұзындығын табыңдар

Сызбадағы сақинаның диаметрін табады
Жер бетіндегі ұзындығын табады 2б

6-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. 4-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2018






№172
Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүрді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы: 1) 7 см; 2) 4 см болса, картаның масштабын табыңдар

175.
Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар: 1) 7,8a + 2,3a – 5a, мұндағы a = 6; 2) 2(0,3b + 5) + 1,4b, мұндағы b = 4; 3) 6(a + 1,5) – 2,8a, мұндағы a = 1,5; 4) 4(b + 0,8) + 1,7b, мұндағы b = 2,3

Дескрипто:
Бірінші өлшемнен екінші өлшемге ауыстыра алады,картаның масштабын табы 2б
Дескриптор:
Өрнекті ықшамдайды,мәнін табады








Жұптық жұмыс
1 жұп
№1. Жер бетіндегі 20 м арақашықтық картаға
5 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар. Жауабы: 1:400.
№2. Жоспарда үйдің ұзындығы 25 см. Егер жоспар 1: 300 масштабымен жасалса, онда үйдің жер бетіндегі ұзындығын табыңдар. Жауабы: 75 м.



2 жұп
№1. Екі қаланың арақашықтығы 1300 км. Осы екі қаланың арақашықтығы масштабы 1:10000000 картада неше сантиметр. Жауабы: 13 см.
№2. Деталдың ұзындығы сызбада 1:3 масштабпен 2,4 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы 2:1 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады? Жауабы: 14,4 см.

Дескриптор
Картаның масштабын табады
Жер бетіндегі ұзындықты табады


Интернет ресурстары

Сабақтың
соңы
5
минут

Қорытындылау.
1. Масштаб дегеніміз не?
2. Масштаб қайда және не үшін пайдаланылады?
3. Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең

ББҮ кестесін толтыру

Білемін

Не білгім келеді?

Үйрендім










Үйге тапсырма. Оқулықтан №178


Анықтамаларды жаттау



жинаған ұпаймен бағалану




Тексерілді___________________27.09.2024



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет