Сабақтың тақырыбы: «Математика майталмандары»
Мақсаты: Білімділік: Студенттердің математикалық және физикалық ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, тез шешім қабылдауға үйрету, есеп шығару дағдыларын тиянақты қалыптастыру, математика және физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, ойлауға, ізденуге үйрету, өзіндік талдау мен жинақтау жасай білуге, қиялын ұштап, білімін шыңдауға жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, еңбектенуге үйрету, кез-келген ортада ойларын ашық түрде жеткізе алуға, берілген тапсырманы жауапкершілікпен сезіне отырып, дер кезінде орындай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын сыйлай білуге үйрету.
Көрнекіліктер(құрал-жабдықтар): Мультимедиалық проектор,
электронды тапсырмалар, презентация, сценарий, бағалау парақтары, мадақтамалар, оқушылардың жауап парақтары.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын сабағы.
Сабақ өтудің пед.технологиясы: өздігінен дамыта оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: химия, сызу, информатика,тарих.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, назарын аудару, оқушыларға интеллектуалды сайыстың мақсат-міндеттерін, шарттарын таныстыру.
Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі математика және физика пәндерінен білімдерімізді шыңдайтын, алғырлыққа, тапқырлыққа баулитын “Математика майталмандары” атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа 6 оқушы қатысады, кезеңдерден жоғары ұпай жинаған сайыскер жеңімпаз атанады.
Сонау-сонау алысқа
Жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа
Ұшсын десең денелер.
Математика,физика
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан бұл маңызды
Ғылымдардың тілін біл,- дей келе, сайысқа қатысушыларымызды ортаға шақырайық.
Ендеше сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.