Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой.(15)
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма. /24/
Дүкеннен сабын алдым, Оның және қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш,төрт кітап Тіс ысқышты қоса алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды қолда бары (10)
Санға қосып, аласың,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтын, Математиктер ұғады Көп адамдар ол санға, Шекесіне қараған. Сан осін қақ бөлуге Сол саныңыз жараған. (0)
Санау үшін адамды, малды, талды,
Ертеден мұра болып қалды Көбейтіп, бөліп, тазайтып, қосамыз, Күнделікті ол санды. (Натурал сан)
Доп емес, дөңгелек десем,
Ұқсас бірақ достарым Фигура ол негізгі Дәл жауапты қостадым. (Шеңбер)
Нүктеден, 2 сәуледен,
Құралған айтшы бұл не екен? (Бұрыш)
Жоқ өзінде баста, қас та мойында,