Сабақтың тақырыбы: «Математикалық сандық»



бет1/4
Дата17.11.2022
өлшемі159,5 Kb.
#50813
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық» ойыны. Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты. Типі: Ойын түрінде Жоспары:

  1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Бәйге (логикалық есептер)
3. Математикалық хоккей
4. Ғажайып алаңы (есептер шығару)
5. Кім жылдам?
6. Минитест
7. «Жауабын тап»
8. Жұмбақтар сайысы
9. «Ойлан тап»
10. Ойымды жалғастыр
11. Қорытынды
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Математикалық сандық » ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Ортаға І- тіктөртбұрыш, ІІ — үшбұрыш топтарын шақырамыз.
Шеберлікті, білімді сараптап сіздер көріңіздер Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады үш тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.
І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
ІІ тур «Бәйге» (Әр топ 1 минут ішінде 15сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесе «келесі» деп жауап береді)
І топқа:

  1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабінің авторы? (Баймұханов, Базаров)

  2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

  3. Әсем, Ардақ, Жанар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғандығын сұрағанда мұғалім: әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы 3 емес, ал Жанардың бағасы 5 емес деді. Сонда әркім қандай баға алған? (Әсем 5, Жанар 4, Ардақ 3)

  4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

  5. 1/10 санының кері саны? (10)

  6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

  7. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?/Ажар/

  8. Жарты түзу. (сәуле)

  9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

  10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

  11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

  12. 36 нешенің квадраты (6)

  13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

  14. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр? (4)

  15. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

ІІ топқа:

  1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

  2. Менің жасымды есептеңдер: екі, екі, он алты, тағы екі тағы алты. (28)

  3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

  4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

  5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?

  6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

  7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

  8. Фигуралардың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  9. 1 мен 2 арасына қандай таңба қойғанда 1-ден кем, ал екіден артық сан шығады.(үтір)

  10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

  11. Тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар? (қарама-қарсы сандар)

  12. Ең үлкен хорда. (диаметр)

  13. 5 -тің квадраты (25)

  14. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  15. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

ІІІ тур. Математикалық хоккей.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.
(52*5-3:(54)5):511
IV тур. Ғажайып алаңы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет