ІІ. «Егер 5 минутыңыз болса» әдісі 1.Футбол ойнын бақылай отырып ,шабуылшының ойын
кезінде шамамен 8км жүгіретіні анықталды. Осы
қашықтық орын ауыстыру ма,әлде жүрілген жол ма?
2.Лифт 11-ші қабаттан 5 ші қабатқа түсті,сәлден соң 8-ші
қабатқа көтерілді.Бір қабат биіктігін 4 м деп
есептеп,лифтінің жүрген жолын және орын ауыстыруын
табыңдар?
3. Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалысы
қандай?
Топтық жұмыс . 1-есеп. Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.
Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
2-есеп. Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?
3-есеп. Велосипед дөңгелегінің радиусы 40см. Егер дөңгелек 100 айн/мин жасайтын болса, онда велосипедшінің жылдамдығы қандай?
ІІІ. Сергіту сәті « Серпілген сұрақ» әдісі (мұғалім оқушыға сұрақ қойып допты лақтырады оқушы жауап беріп келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырып ойынды жалғастырады)
1 Қозғалыс кезінде дененің соңында қалдырған ізі?
2. Айналма әткеншек тепкен баланың қозғалу траекториясы қандай?
3. Жазу кезіндегі қарындаш қозғалысы қозғалыстың қай түріне жатады?
Сыни ойлау,салыстыра отырып қорытынды жасау дағдыларын қалыптастырамын
. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген формулаларды түсіндіреді
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (11 минут)
Салыстыру дегеніміз.....................................................................
1.Траектория, жол, орын ауыстыру шамаларының
физикалық мағынасын білді;
2. Денененің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы
кезінде қалдырған іздерінің жағдайларға қарай түрліше
аталуын білді;
3. Дененің кез келген уақыт мезетінде бастапқы орны мен
соңғы орнын қосатын кесіндінің және жолдың ұқсастығы
мен айырмашылығын ажырата алды;
4.Олардың белгіленуі мен өлшем бірліктерін жаза алады