Сәлемдесу. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Гимн орындалады.
Сіздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысыздар. Сондықтан өз жеріміздің, өз еліміздің ата - бабаларымыз сияқты қадірлеп, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
XXI ғасырда Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Мектебім – мейірім мекені!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Оқушылар мұғаліммен амандасады, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Жазғы демалыстарын қайда және қалай өткізгендігі туралы сөз қозғап, сынып оқушылары өзара қарым- қатынасқа түседі.
А4 парақ, үлестірме қағаздар.
Сабақ басы (13 мин)
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер? — Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен. — Адамзат ненің мейіріміне бөленген? — Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші: 1. Мейірімділік деген не?
2. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болу керек?
3. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?
4.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
5.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
6.Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
7.Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Тақтадағы суреттерге қарап нақыл сөздердің мәнін айқындау.